Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее









 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

  • 29 Сентября 2017

                «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 және 22 қыркүйегі аралығында шетелдік және отандық туроператорларға арналған «SILK WAY  тур» атты ақпараттық туры өткізілді.

    Ақпараттық турды өткізуге шетелдік және отандық туристік компаниялар өкілдері, туризм саласы бойынша бейінді жоғары оқу орындарының қызметкерлері, туристік ақпараттық орталықтардың белсенді мүшелері, танымал журналистер, бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдері және блогерлер шақырылды.

    Ақпараттық турды өткізудің негізгі мақсаты – облыстың туризм аймағы ретінде жағымды бейнесін қалыптастыру, ақпараттық турға қатысушыларды облысымыздың туристік мүмкіндіктерімен, көрнекті жерлерімен және шынайы туристік әлеуетімен таныстыру.

    Ақпараттық турдың бағдарламасына облысымыздың негізгі туристік нысандары енгізілді: «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелері, Айша бибі және Бабажы хатун кесенелері, «Тектұрмас» кесенесі, «Төрткөл» керуен сарайы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мемориалы, «Жайсан» қасиетті орны, «Тамды» қалашығы, «Берікқара» шатқалы және «Меркі» мемлекеттік тарихи қорығы.

    Сонымен қатар, ақпараттық турға қатысушылар, облысымызды туристер үшін бірден-бір тартымды етіп отырған, ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан археологиялық ескерткіштер – «Ақтөбе» (Баласағұн), «Құлан» және құпияға толы, тылсым сырлы «Ақыртас» сарай кешендерін тамашалауға мүмкіндік алды.

     

    Өткізілген ақпараттық тур 2 күнге созылып, ұзындығы 2000 шақырымдық алқапты қамтыды.

    Ақпараттық тур өткізілгеннен кейін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда біздің өңірдегі туризмді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.




    Дата создания: 02.10.2017 12:29:14

    Дата изменения: 02.10.2017 12:29:14

Возврат к списку