Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player


 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары ! Халықаралық туристік форум және халықаралық көрме «ANCIENT TARAZ-2017»

  • 7 ноября 2017

    Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 11 – 14 қарашасында «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Ancient Taraz» Халықаралық туристік форумын өткізу жоспарланып отыр. 

    Форум Тараз қаласы, Төле би көшесі 98 а мекен жайында орналасқан «ARAI PLAZA» бизнес орталығында өткізіледі.

    Форумның негізгі мақсаты - өңіріміздің туристік потенциалын көпшілікке танымал ету, қорытындысында өңірімізге келушілер санын көбейту.

    Форум жұмысын ұйымдастыратын  - еліміздің туристік оң имиджін, туристік инфрақұрылымды дамыту, оны өзге шетелдерге көрсету бағытында 18 жыл еңбек етіп келе жатқан,  Рашида Рашидовна Шайкенова басқарып отырған «Қазақстан Туристік Ассоциациясы» ұйымы айналысуда.

    Жалпы форумға шақырылған қонақтардың тізімі анықталды, сонымен өңірімізге 300-350 адамды құрайтын қонақтардың келетіні мәлім болды. Олар Қытай, Корея, Малайзия, Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Тәжікстан елдерінен туризм саласына қатысы бар бизнес құрылымының өкілдері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен, облыс әкімдіктерінен, сол сияқты туризм саласына қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан өкілдер, журналисттер мен блогерлер қатысатын болады.

    Сырттан келетін қонақтарды жеткілікті дәрежеде қарсы алу үшін және де ешқандай қолайсыз жағдайлардың болмауының алын алу үшін, қала ішінде тасымалдауға 15 автобус дайындалды. Шет елден келген қонақтар үшін жоғары кәсіби 6 синхронды аудармашылар және 10 аудармашы, 30-ға жуық волонтерлер  Форум жұмысына тартылып отыр.

     

    Сонымен қатар, Форум аясында:

    - Қытай туроператорларына арналған ақпараттық тур,

    - Қазақстандық туроператорларға арналған ақпараттық тур

    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт

    министрлігімен ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» халықаралық фестивалі,

    -  қолөнершілер көрмесі,

    - «TARAZ FASHION DAY» байқауы іс-шаралары өткізілу жоспарланып отыр.

    Бәрімізге белгілі болғандай биылғы жыл Қазақстандағы Қытай жылы. Сондықтан да, форум жұмысына Қытай Халық Республикасы, оның ішінде туризм саласына қатысы бар бизнес құрылымының өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілуде.

    Қытай туроператорлары үшін облыс бойынша 3 күндік және отандық туроператорлар өкілдері үшін де ақпараттық турлар өткізу жоспарға еніп отыр.

    Осы тұста арнайы, облысымыздың негізгі туристік нысандары, шипажайлары, қонақ үйлері мен мейрамханалары енгізілген туристік бағыттар өңделді. Бағдарламаға сәйкес, тур аяқталған соң оның қатысушылары мен жергілікті туроператорлар арасында b2b форматында, тәжірибе алмасу мақсатында, кездесу ұйымдастырылады.

     

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт

    министрлігімен ұйымдастырылып отырған «Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» атты халықаралық фестивалі 8 қараша күні Алматы қаласында басталып өз кезегінде Тараз қаласында 12-14 қараша күндері жалғасын таппақ.

    Аталмыш форум барысында өңіріміз бен республикамыздың белді де беделді Бұқаралық ақпарат құрал өкілдеріне арналған пресс-конференциялар мен бас қосулар жопарланып отыр.

     

    Қосымша сұрақтар үшін: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, баспасөз қызметі 43-88-98 Э.Жайнақ немесе akim_dpp@mail.ru поштасы.




    Дата создания: 08.11.2017 13:28:10

    Дата изменения: 08.11.2017 13:28:44

Возврат к списку