Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?









Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее









 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Береке» бағдарламасы бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары

  • 3 Сентября 2018

    2018 жылдың 28 тамызында  Жамбыл облысы  әкімдігінің  кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің  басшысы  Дархан  Назарбеков Сарысу және Талас ауданына  өңірлік «Береке» бағдарламасы бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыста Облыстағы  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында  өңірлік  кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Береке» бағдарламасы  (2015 жылдан бастап) арқылы да төмен пайызбен несие алу мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Бағдарлама бойынша салалық шектеусіз шағын және орта бизнес өкілдеріне арзан несие берілуде сондай – ақ несиелеуге бөлінген сома жылдан жылға артып келеді деді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан 500,0 млн. теңге  қарастырылып  жалпы 1,0 млрд.теңге болса, ағымдағы  жылы  бюджетке  жүктеме жасамай жүргізілген келіс сөздер нәтижесінде әкімдік тарапынан 500,0 млн.теңге және Даму қоры тарапынан 1,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы несиелендіруге жұмсалатын сома 1,5 млрд.теңгені құрап отыр.

    Аталған бағдарлама шеңберінде бүгінгі таңға 129 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілді.

    Өткен жылдары несиелендірудің басым бөлігі Тараз қаласындағы жобаларға тиеселі болғандығын ескере, ағымдағы жылы әр аудан әкімдеріне барлық бағдарламалар бойынша оның ішінде, «Береке» бағдарламасы бойынша да несиелендірілген жобалар санының межесі барлығына пропорционалды түрде белгіленді.

    Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ауылдық елді мекендердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін алғаш рет «Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына микро кредит беру үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдарына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы арқылы 1000,0 млн.теңге және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан 500,0 млн.теңге бөлініп, 300-ге жуық несие беру жоспарлануда.

    Несиелендіру екі бағытта жүргізіледі.

    "Бизнес-аймақтар" кредиттеудің бағдарламасы келесі шарттары қарастырылады:

    -         5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін, өз ісін ұйымдастыруға;

    -         8 000 АЕК дейін өз ісін кеңейту үшін;

    -         жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7% аспайды;

    -         несиелеу мерзімі 78 (жетпіс сегіз) айдан аспайды (6,5 жыл);

    -         36 (отыз алты) ай, айналым қаражатын толықтыруға.

    "Ынтымақ" кредиттеудің бағдарламасы:

    -         50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейін;

    -         жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7% аспайды;

    -         несиелеу мерзімі 78 (жетпіс сегіз) айдан аспайды (6,5 жыл);

    -         60 (алпыс) ай, айналым қаражатын толықтыруға.

     

    Екінші деңгейлі банктердің саясатының күрделі болуына байланысты ауылдық елді мекендерде кредиттер бойынша кепілдік қамтамасыз етудің төмен деңгейін ескере отырып облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес несиелеу шарттары жұмсақ болып табылатын шағын несие ұйымын ашу жоспарланып отырмыз. 

    Шағын несие ұйымын құруға «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ-на (49%) өз үлесімен  кіруге ниет білдіруші жеке инвестор іздестірілуде.

     

    Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ-мы негізінде индустриалды аймақ ашу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

    40,2 гектар құрайтын жер телімі анықталды, индустриалды аймақтың Ережесі әзірленіп, Дирекция құру туралы облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде және бүгінгі таңда екі әлеуетті қатысушы анықталуда.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2017 жылы (27.11.17) Тараз қаласында толық форматты «бір көзден» принципінде жұмыс атаратын «Кәсіпкердің үйі» атты кәсіпкерге қызмет көрсету орталығы ашылды.




    Дата создания: 04.09.2018 14:39:31

    Дата изменения: 04.09.2018 14:39:57

Возврат к списку