КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ!

22.11.2019

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының басшысы Ж.Сариев Тараз қаласының жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Жиынға ұлттық нақыштағы бұйымдар, арнайы мектеп оқушыларына форма, тон тігу және тағы басқа бұйымдар топтамасын тігіп шығаратын тігін цехтарының басшылары қатысты.

Кездесуде, бүгінгі таңдағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзекті, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу, саладағы кадр тапшылығы бойынша мәселелер талқыланды.




Дата создания: 09.10.2018 23:21:13

Дата изменения: 25.11.2019 15:17:44

Возврат к списку