Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Президент Республики Казахстан

 Касым.jpg


Аким Жамбылской области

200210191734931e-300x200.jpg


Руководителя управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области 
20200828_091347.jpg



  «Нурлы жол» - путь в будущее







 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Байзақ ауданының кәсіпкерлерімен кездесу!

  • 20 января 2020

    Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Байзақ ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың шарттары мен тәртіптерін түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
    Жиынға Байзақ ауданының әкімі Н. Нұржігітов, аудан әкімінің орынбасары Қ.Исмаил, Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ж.Кенжебеков, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Жамбыл облыстық филиалының маманы Е.Райымбеков, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Н.Жұманқұлов, «Форте банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының менеджері С.Абаев, аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Е.Күшәнов, аудандық статистика басқармасының басшысы Д.Нұрабаев және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Кездесуде басқарма басшысының орынбасары Ж.Кенжебеков шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыстағы атқарылып жатқан  жұмыстарды баяндап берді.
    Жамбыл өңірінде 70 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс істеуде    (үлесі – 81,2%-ды құрайды), онда 125 мың адам жұмыспен қамтылған және олардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызметінің көлемі 167,0 млрд. теңгені құрап, 6,3%-ға артып отыр.
    Ал, Байзақ ауданында 6000 ШОБ субъектісі жұмыс істеуде және онда 8 мыңнан астам адам (нақты 8 123) жұмыспен қамтылған.
    Облыста кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бір қатар мемлекеттік қолдау бағдарламалары іске асырылуда:
    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы;
    «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен  дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы. Қазір 2025 жылға дейін қайта қабылданды;
    Өңірлік «Береке» бағдарламасы.
    Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі үлесі соңғы 5 жылда 18%-дан аспаған болса, бүгінгі күні 21%-ға жетті.
    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 0,3 пайызға артты,  сауда – 4,6 пайызға (Байзақ ауданында – 28,2%) артуы есебінен қамтамасыз етілді.
    Негізгі капиталға салынған инвестиция 5,4 пайызға артты.
    Бюджеттен тартылған инвестиция үлесі 34,9%, жеке сектордың үлесі үлесі 65,1% құрады.
    Индустриалды-инновациялық дамытудың бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары іске қосылған 3 кәсіпорын есебінен 168 жаңа жұмыс орны құрылды.
    Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін      935 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («Grand Foods» ЖШС, «Жабатаева» ЖК). Өткен жылы 89 млрд.теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады, оның ішінде шетел инвесторларының қатысуымен «M-KAT GREEN»  күн  электр станциясы (100 МВт) жобасы. Облыста баламалы электр қуатын өндіретін 5 жобаның (қуаты 233 МВт,  құны 118 млрд.тг) құрылысы жүргізілуде. Қолданыстағы 9 жобаны (170 мвт) қосқанда жалпы қуаттылық 403 МВт құрайды. Бұл республикада 1 орын.
    Инвесторлармен жұмысты жандандыру мақсатында 2020 жылы «Еурохим Тыңайтқыштар» (357 млрд. теңге), «QAZAQ SODA» (123,5 млрд. теңге), «KORCEM» цемент зауыты (50 млрд. теңге), «Казфосфат» (40 млрд. теңге, өндірісін кеңейту), «TALAS INVESTMENT COMPANY» (19 млрд. теңге, өндірісін кеңейту) сыңды ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Кәсіпкерлерге тиімді қызмет көрсету үшін Тараз қаласында «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын заманауи фронт-офис ашылған.
    Өткен жылы Тараз қаласы, Жаңатас және Қаратау моноқалаларындағы кәсіпкерлерге 723,9 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді. Биылғы жылы да осы мақсатқа республикалық бюджеттен 416,1 млн.теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа осы қалалардағы өз ісін жаңадан бастайтын 38-40 кәсіпкер шағын несиелендіріледі.
    «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылға ауылды елді мекендердегі кәсіпкерлерді несиелендіруге  4 939,0 млн.теңге қарастырылды.
    Бұған қоса Бизнестің жол картасы аясында 401 кәсіпкерге 1,4 млрд.теңгеге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілді.
    Оның ішінде, шағын бизнес субъектілерінің бастамаларын іске асыруға 165 тұлғаға берілген 339,0 млн.теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант толықтай игерілді. Оның 303,0 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Ал, биылғы жылы барлығы 171 млн.теңге бөлініп (5 млн.теңгеге дейін), облыс бойынша жаңа бизнес-идеяға сай келетін жобаларды (40-50) гранттық қаржыландырылмақ.
    Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Қазіргі таңда мақұлданған жобалар сомасы бойынша біздің аймақ республика бойынша алдыңғылар қатарында тұр.
    Қазіргі таңда жалпы сомасы 948,3 млн. теңге болатын 43 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ 20,7 млрд. теңгеге 60 жоба мақұлданды.




    Дата создания: 14.02.2019 19:16:07

    Дата изменения: 21.01.2020 02:15:31

Возврат к списку