Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на торжественной церемонии открытия Года молодежи


Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее







 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  • 14 Февраля 2019

    Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1)        мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    2)        осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

    3)        Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4)        мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5)        осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    6)        жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

    7)        ғылыми дәрежесінің болуы.

     D-О-4 санаты үшін:

    жоғары білім;

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

     

    Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы

     

     

    санаты

    Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

    теңгеден

    теңгеге дейін

    1

    D-O-3

    109898

    148301

    2

    D-O-4

    83353

    112 376

     

    «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

     1.Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы ислам бағытындағы діни білестіктермен байланыстар жөніндегі  бөлімінің басшысы,  санаты D-О-3, 1 бірлік, №029-02.

    Функционалдық міндеттері: облыстағы діни ахуалға зерделеу, сараптау, болжау жұмыстарын жүргізу;  Облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу, оған  талдау жүргізу; Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және дін саласындағы мемлекеттік стратегиялық құжаттарды, заңнамаларды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтардың (АТТ) өңірлік деңгейдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттық топтарды  ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; БАҚ, ғылыми және шығармашылық қауымы, қоғамдық пікір жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдары, этномәдени орталықтарымен өзара іс-қимылды жасау жұмыстарын ұйымдастыру, жүзеге асыру. Басқарманың талдау және жоспарлау, ақпараттандыру, мониторингілеу, БАҚ-на материалдарды жариялау жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша облыстағы білім басқармасы, білім беру орындарымен тиісті жұмыстарды, діни білім беру орындарының қызметтерін зерделеу жұмыстарын  ұйымдастыру; Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау; Ислам бағытындағы діни бірлестіктер, олардың филиалдары және өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру; Ислам бағытындағы діни бірлестіктердің, филиалдардың өткізілетін діни рәсімдеріне қатысу, жұмыстарына зерделеу, талдау жұмыстарын жүргізу; Облыс бойынша діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жұмыстарын ұйымдастыру; ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын толтыру; Діни мазмұндағы объектілерді (діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар  және облыс  кітапханалардағы діни әдебиеттер, түзеу мекемелердің ғибадат бөлмелерінің кабырғаларындағы жазулар, пайдаланатын діни әдебиеттер) зерделеу жұмыстарына қатысу; Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты мен регламенті бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жүзеге асыру; Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау барысында келісім беру жұмыстарын ұйымдастыру, жүзеге асыру; Айлық, тоқсандық, жылдық  есептерге  ақпарат жинақтау, уәкілетті органдарға есептерді  жолдау; Басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөнгелек үстелдер және өзге де отырыстардың құжаттарын дайындау және өтуін қамтамасыз ету; Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Теріс пиғылды діни ағымдардан психикалық тұрғыда зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек көрсету; Облыс Әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыруға қатысу; Діни бірлестіктер және олардың филиалдарын тарату процесіне қатысты жұмыстарға қатысу; Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жұмыстарына қатысу; Басқарманың еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік жағдайына жауапты болу; ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының дін саласы бойынша бағыттарының орындалуына жауапты болу. Басқарманың өз құзыреті шегінде  діни бірлестіктермен бірлесіп, жұмыс жасау және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттер.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: дінтану немесе теология немесе құқықтану немесе мәдениеттану немесе исламтану немесе филология немесе қоғамдық байланыс немесе  мемлекеттік және жергілікті басқару.

     «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқадай міндетті білімі.

    2. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 3-1.

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшысының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, облыстың энергетикалық кешенін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясатының бағыттары бойынша облыстық нысаналы бағдарламалары мен іс-шараларын, жоспарларын әзірлеуге, қалыптастыруға және оларды жүзеге асыруға қатысады, есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді, жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын әзірлейді, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келіседі.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

    3. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, заң қызметі және отынмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,  D-О-3 санаты, №8-1.

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшы орынбасарының тапсырмаларын орындау. Облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары және оның орынбасарының хаттары жобаларын дайындау. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, мекемеде құқықтық жұмыстарға әдiстемелiк тұрғыдан басшылық етудi жүзеге асырады, құқықтық құжаттарды дайындау және ресiмдеуде құрылымдық бөлiмшелерге құқықтық көмек көрсетедi, мекеме қызметкерлерiн қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерiстер жөнiнде ақпараттандыруды, қызметкерлерге ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелерi бойынша кеңес бередi, қорытындылар жасайды, мүлiктiк-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актiлердi ресiмдеуге жәрдемдеседi. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өңірдегі кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізу. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді отынмен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинау және тиісті орындарға тапсыру. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізу. Бөлімдерден тапсырыстарды жинақтау және мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау. Конкурстық комиссияның жұмысына өкіл және хатшы ретінде қатысу. Конкурстар өткізуге құжаттар даярлау. Мемлекеттік сатып алуға байланысты рәсімдердің уақтылы және сапалы өткізілуіне тікелей жауап береді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

    4. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №6-3.

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету, нысандардың бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді сумен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинау және тиісті орындарға тапсыру, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Су объектілеріне қатысты облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Су объектілеріне қатысты құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, құқықтық құжаттарды дайындайды және ресiмдейді, қорытындылар жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: су ресурстары және суды пайдалану немесе гидрогеология  немесе құрылыс.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

    5. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, №05, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын облыс аумағында орындау. Кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайына, облыс кәсіпкерлігін мемлекеттік қаржылық қолдауға бағытталған қаржы құралдарының жұмсалуына және тиімділігіне талдау жүргізу. Облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алу жұмысын ұйымдастыру және қолдау көрсету. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру; «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және де басқа бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қалаларда микрокредит беру және қалалардағы микрокредиттерді кепілдендіру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында кәсіпкерлік субъектілері бизнес-жобаларының ҚР Үкіметінің 19.04.2016 ж. №234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкестігін зерделеу, сәйкес болмаған жағдайда, оларға заңнаманы түсіндіру және құқықтық көмек көрсету. Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпараттар ұсынуға бақылау жасау. Аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарынан туындайтын ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарын жасау және орындауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша жобалардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау және басшылықтың, Аймақтық үйлестіру кеңесінің және конкурстық комиссияның қарауына ұсыну. Кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен және қаржы институттарымен, сондай-ақ «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау. Ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын жасау және орындау. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу және келісу. Жергілікті тауар өндірушілердің көрмелерін, жәрмеңкелерін, форумдар мен іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу. Жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау. Бөлімнің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (2-ші бағыты), Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

    6. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-О-3, №05-05-1.

    Функционалдық міндеттері: өңірдегі ішкі саясат мәселелеріне талдамалы, болжау жұмыстарын жүргізу;  тұрғындардың көңіл-күйлері мен қоғамдық ой-пікірлерін зерделеу; әлеуметтік, қоғамдық-саяси үрдістердің дамуының электронды картасын жүргізу; өңірде ішкі саясат мәселелері бойынша аналитикалық, әдістемелі материалдар, баяндамалар әзірлеу; басшылыққа ұсынылатын анықтамалар мен баяндамаларға талдау жасалып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу; өңірдегі өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау, социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу; тәуелсіз зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету; қоғамдық үдерістерді демократияландыру; ішкі саясат саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу мониторингісін және талдауын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау; мониторинг жүргізу жүйесі мен әдістемесін жетілдіру; өңірдегі атқарушы органдар мен қалалық және аудандық әкімдіктерге бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша  ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастыруышылық кеңестер көрсету; басқарманың стратегиялық жоспарын әзірлеу; стратегиялық даму жоспарының көрсеткіштерінің  орындалуына талдау жүргізу; стратегиялық, операциялық жоспарлардың іске асырылуына мониторинг жүргізу; бөлімнің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын, нұсқаулықтарын әзірлеу;  хаттарды, өтініштерді, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау.                                      

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар  немесе жаратылыстану ғылымдары. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих.

     «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

                Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

     

    Нысан

     

    __________________________
     (мемлекеттік орган)

     

    Өтініш

         

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

         

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
      (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 _




    Дата создания: 14.02.2019 19:18:03

    Дата изменения: 14.02.2019 19:19:10

Возврат к списку