Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на торжественной церемонии открытия Года молодежи


Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее







 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Кәсіпкерлікті қолдау іс-шаралары

  • 28 Февраля 2019

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл - ау­қатының  өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­дауында: «Біз әрдайым биз­­неске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен ден­саулығы маңыздырақ» деп атап көрсетті. Мәселен, қа­зіргі таңда көптеген азамат­тар­­дың кәсіптің көзін табуы нәти­жесінде өңірлерде жүздеген жұ­мыс орындары ашылып, жұмыс­сыздықпен күрес жүйелі түрде жүргізілуде.  Жамбыл облыстық кәсіп­кер­лік және индустриалық-ин­но­вациялық дамыту басқар­масының мәліметінше, өт­кен жылы облыс бойынша мем­лекеттік қолдау көрсету мақ­сатында 10,6 миллиард теңге бө­лінген екен. Яғни, 6,7 миллиард теңге республикалық бюджеттен болса, 3,9 миллиард қаражат жергілікті бюджеттен қаралған. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың бәрі де тиісті деңгейде игеріліп, кәсіппен айналысуға ниетті азаматтарды қолдауға жұмсалған. Ал аталған басқарманың өзінен облыс бойынша былтыр 162 адам қолдау көрген. «Өткен жылы мемлекеттік қол­дау бо­йын­ша басқармаға 5 мил­лиард 900 миллион теңге бө­лінген болса, ағымдағы жы­лы 4 мил­лиард 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Ал­дағы уақытта тағы да қо­сым­ша қаражат бөлінеді», дейді об­лыс­тық кәсіпкерлік жә­не ин­дус­триялық-инновациялық да­­мы­­ту басқармасы кәсіп­кер­лікті қол­дау бө­лі­мінің бас маманы Айгүл Иманбе­кова. Бұл көрсеткішке қарасақ, өңірде кәсіпкерліктің кең өріс алғанын байқауға болады. Қа­ражат жеткілікті, жос­пар көп, кәсіппен айналысуға ниет­ті­­лер де аз емес. Бұл орай­да мем­­лекеттің қол­дауы нәти­жесін­­де тірлігін тіктеп, әлеуе­­тін арт­­тырып отырғандар бар­шы­­­лық. Әсіресе өңірде мал ша­руа­­­шы­­лы­ғын дамыту, сауда сала­сын өрістету мақ­сатында не­сие алғандардың қатары көп екен. Алайда биыл Жастар жы­лы жа­рия­ланғандықтан, жас кә­сіп­кер­лерді қол­дауға өңірде қан­ша­лықты көңіл бөлінуде деген мәселенің де шығатыны рас.  «Облыстық кәсіпкерлер па­ла­тасымен бірлесе жастарды «Бизнес бастау» жобасына оқы­ту жұмыстары жүргізілуде. Бү­гінде 794 жас оқыды. Өңірде тұң­ғыш рет Білім және ғылым ми­нистрлігі мен Дүниежүзілік банк­тің бірлескен «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылуда. Облыс жас­та­рынан 555 жоба ұсынылып, оның 206-сы іске асырылды. Нәти­жесінде өңірге 400 миллион теңге көлемінде инвестиция тар­тылды. Жалпы, жеңімпаз атан­ған жобаның 77-сі облыс орта­лығынан болса, қалған 129 жо­ба аудандар мен ауылдық ел­ді мекендерден. Жоба аясында өңірдегі 762 жас жұмыспен қам­тылса, оның 33-і мүмкіндігі шек­теулі азаматтар болып отыр. Со­нымен қатар өткен жы­лы басқар­маның мемлекеттік әлеу­меттік тапсырысы шеңберінде «Об­лыс жастары арасында кәсіп­кер­лік қызметке тарту бойын­ша кешенді іс-шаралар ұйым­дас­тыру» тақырыбы аясында тиіс­ті жұмыстар жүргізілді», дейді облыстық жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен.  Жас кәсіпкерлерге деген мем­ле­кеттің қолдауы қашанда қар­қынды. Осы орайда жас кәсіп­кер Тұрсынай Байғабылова нәти­желі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті қолдау бағ­дарламасы арқылы төмен па­йыз­бен мемлекеттен 14 миллион теңге алып, қала орталығынан «Brilliant» сән салонын ашқанын айта кету керек. Бүгінгі таңда өңір­де кәсіпкерліктің кең өріс алуы­на тиісті жағдай жасалып отыр десек те, кәсіпкерлікті ғы­лым­мен ұштастыруған нақты жоба­лардың әлі аз екені байқалады.  Ал өңірдегі жас ғалымдар белгілі бір идеяны кәсіби деңгейде жүзеге асыру арқы­лы кәсіпкерлікті жанданды­руға болатынын айтады. Бүгін­де өңірдегі жетекші оқу орындары­ның бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жас ғалымдарды дайындауда белсен­ділік танытуда. «Қазіргі кезде университетте 670-ке жуық патент бар. Бұ­ған бірінші сұраныс, екінші қаражат керек. Егер патентті сатып алушы кәсіпкерлер бұдан қанша пайда табатынын ойласа, ғылым дамымайды. Ғылыми жобаларды өндіріске шығару маңызды», дейді университет ректоры Махметғали Сарыбеков. Кәсіппен айналысу үшін де бел­гілі бір идеяның болуы ма­ңызды. Ал ғылым мен кәсіп­кер­лік ұштасқан жағдайда, кәсіп­кер­ліктің бұдан да әрі дамитыны ақиқат. Мәселен, жоғары оқу орны зауыт не фабрика емес. Оған қоса, идеяны жүзеге асыруға салатын қаражат мәселесі тағы бар. Яғни, ғалымдар өзінің идея­ларын бұл жерде кәсіби түрде іске асыра алмайды. Сондықтан ғылымға инвестиция салынса, ғылыми идея белгілі бір кәсіпорын базасында жүзеге асса, онда кәсіпкерліктің де кең қанат жаятыны сөзсіз. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы, PhD докторы Бекжан Абзалбекұлы қант диабеті ауруына шалдыққандар үшін сапалы әрі ыңғайлы ортопедиялық аяқ киім үлгісін ойлап тапқан. Мамандар бұл сырқатпен ауыратын адамдардың әуелі табанының ойылып кетуі қаупі бар екенін жиі айтады. Сондықтан бұл аяқ киімнің маңызы зор. «Дәрігерлер мұндай азаматтарға міндетті түрде ортопедиялық аяқ киім ұсынады. Алдағы уақытта 3D технологиясымен бұл жобаны өндіріске енгіземіз деп ойлаймын. Бірақ осы бағытта жұмыс істейтін адам аз. Мәселен, бұл аяқ киімнің бағасы 20-25 мың теңге аралығында болады. Яғни қолжетімді», дейді жас ғалым. Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қа­рас­ты «Наноинженерлік зерттеу әдістері зертханасының» инже­нері Ерлан Атенов құрылысқа қажетті қадаларды жетілдіру мәсе­лесін зерттеу үстінде екен. Яғ­ни жобаның қажетті материал­дары дайындалуда. Жас ғалым бұл жобаның тұрғын үйлер са­луға да, өзге нысандар тұрғы­зуға да қажетті екенін айтады. Тағы бір тараздық жас ғалым Дәу­лет Егембердиев жерді қалпы­на келтіруге арналған жаңа тыңайт­қыш әзірлеген болатын. «Био­ме­лиоранттың өзіндік құны бір килограмм үшін 16 теңге. Сұйықтық түрінде, сұйық фазада тамшылатып суаруға, тіпті құрғақ күйінде де қолдануға болады. Өнімділігі 5-10 есе жоғары. Қазіргі таңда қол­данылатын дәстүрлі әдіс 30-35 тонна фосфогипс пен қиды бір­ге енгізу керек, ал 300-500 кило биомелиорант осы 35 тоннаны ал­мастырады», дейді жас ғалым. Алайда ауыл шаруашылығы мамандары биомелиорант өндірісін жолға қою үшін де арнайы жаб­дықтар мен инвесторлар қажет екенін айтуда. Осындай жобалардың кәсіп­кер­лерге де тигізер пайдасы бар. Бі­рақ бүгінде жергілікті жас ға­лым­дардың жобаларын жүзеге асы­руда мүмкіндік болмай отыр. Өйт­кені кәсіпкерлердің қол­дауы мен қаражат қажет. Әулие­ата өңіріндегі ірі кәсіпорын «Қаз­фосфат» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің бас дирек­торы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұ­қаш Ескендіров өндірісте өмір сү­ретін идеялардың өте аз еке­нін айтты. «Бизнес идеялар бар. Бірақ өндірісте патент алу оңай емес. Ол бұрын болмаған нәр­се болуы қажет. Әрине, жас ғалымдарды кәсіпкерлер қол­дауы керек. Жастардың кәсіби шы­ғар­машылығы осыдан бас­талады. Мәселен, бізде жұмыс істейтін 6100 адамның 35 па­йызы 35 жасқа дейінгі азаматтар. Бізде сары фос­форды тазалау, радиоактивті зат­тарды қолдану сияқты жоба­ларды ұсынған 3-4 адамға кәсіпорын атынан жылына 5 миллион теңгеден беріледі. Өздері бірге жұмыс істейді. Бірақ өміршең идеялар өте аз. Ондай идеяның көбі ұжымдық еңбекпен келеді», дейді ол.  Ал Жамбыл облыстық кә­сіп­керлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербектің ай­туынша, бүгінде палатаның сүйе­мелдеуінде құны 2,3 миллиард теңгенің 615 жобасы бар екен. Бұл да төмен көрсеткіш емес. Сонымен қатар өңірде өткен жылы жас кәсіпкерлерді қолдау мақ­сатында «Жас ғалым – 2018», «Made in Taraz», Жамбыл облысы жас­тарының үздік инновациялық, ғылыми және бизнес startup жобаларына облыс әкімінің сыйақысы жарияланған болатын. Ендігі кезекте ғылым мен кәсіпкерлік бір арнада тоғысып, жас ғалымдардың жобалары қолдау тауып жатса, кәсіпкерліктің көсегесі көгере беретіні анық.




    Дата создания: 28.02.2019 10:13:59

    Дата изменения: 28.02.2019 16:05:15

Возврат к списку