Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

04.10.2019

2019 жылы 30 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында есеп беру кездесуі өткізілді.

Аталмыш кездесу Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен өтті.

Кездесуге облыстық басқармалардың және бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын орган басшылары, облыстың кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – бақылау-қадағалау қызметіндегі заңнама талаптары мен тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, тексеру тағайындау мен оны іске асыруда міндетті талаптардың бұзылуының алдын-алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын бірқатар органдардың есебі тыңдалды.

Сондай – ақ, тиісті құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулер, оларды жүргізу тәртібі, орын алған заң бұзушылықтар, оларға жол берген лауазымдық тұлғаларға қолданылған шаралар туралы  бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиын соңында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне бизнес субъектілері  тарапынан  сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

            Жиын соңында мұндай шараның маңыздылығы айтылып, ашық диалог алаңының жұмысын тұрақты түрде ұйымдастыру ұсынылды.





Дата создания: 28.02.2019 19:22:39

Дата изменения: 07.10.2019 12:28:50

Возврат к списку

Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

© 2019 Управление Предпринимательства и Промышленности Акимата Жамбылской области, официальный сайт