Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на торжественной церемонии открытия Года молодежи


Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее







 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Мемлекеттік қолдау күн тәртібінде

  • 18 Марта 2019

    Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың  әл - ау­қатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­дауында: «Біз әрдайым биз­­неске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен ден­саулығы маңыздырақ» деп атап көрсетті. Мәселен, қа­зіргі таңда көптеген азамат­тар­­дың кәсіптің көзін табуы нәти­жесінде өңірлерде жүздеген жұ­мыс орындары ашылып, жұмыс­сыздықпен күрес жүйелі түрде жүргізілуде. 

    Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 396,2 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Кен өндіру өнеркәсібі 46,4 миллиард теңгені құрап, бұл саладағы өсім 11,7 пайызға жоғарылады. Өңдеу өнеркәсібінің табысы 280,8 миллиард теңгеге жетіп, облыстағы үлесі 70,9 пайызды құрайды. Соңғы саладағы жеңіл, химия және металлургия өнеркәсібінде және машина жасауда оң серпін байқалуда. Есесіне тамақ, мұнай, металл емес минералды өнімнің және металл бұйымдарының өндірісінде өнім  төмендеді.

    Өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін зерделеу, шешу, оларға қажетті қолдау көрсету мақсатында облыстық өнеркәсіп кәсіпорындарының дамыту картасы әзірленген болатын. Осыған орай әрбір кәсіпорынның паспорты жасақталып, проблемалық мәселелері анықталды. Картаға 31 кәсіпорын енгізіліп, 27 кәсіпорынға қаржылай емес, 4 кәсіпорынға 484,0 миллион теңгеге қаржылай қолдау көрсетілді. Олардың қатарында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы», «Super pharm» және  «Кaz Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы бар. Бұл компанияларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау көрсетілді.

    Өндіріс орындарының паспортын қалыптастыру нәтижесінде әр ауданның экономикалық және ресурстық потенциалына негізделген жаңа жобаларды енгізу, өндіріс орындарын қайта жаңғырту жұмыстарының  жоспары әзірленуде. Бұл арқылы облыстық немесе республикалық бюджеттерден қаржыландыруға болатын нақты жобалар анықталатын болады. Ол үшін, ауылдық деңгейден бастап, облыс орталығына дейін кәсіпкерлік субъектілердің ортақ паспорты болуы тиіс.

    Биыл облысымызда 63 262 шағын және орта кәсіпкер тіркеліп отыр. Олар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артқан. Онда жұмыспен қамтылған жұмыссыздар саны 118053 адамға жеткен. Кәсіпкерлермен 2018 жылы қаңтар – қыркүйек айларында 321,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

     «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған сәттен бастап 99,3 миллиард теңгені құрайтын 1382 жоба жүзеге асырылып келеді. Ал өткен 2018 жылы 2,9 миллиард теңгені құрайтын 121 жаңа жоба жүзеге асырылды.  

    Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 83,2 миллиард теңге құрайтын 893 жоба, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралымен 3,9 миллиард теңгені құрайтын 327 жоба, «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 11,9 миллиард теңгені құрайтын 90 жоба, гранттық қаржыландыру бойынша 57 кәсіпкердің жобаларына 160,0 миллион теңге гранттық қаржы берген. Ал өткен жылы 2,9 миллиард теңгені құрайтын 121 жаңа жоба жүзеге асырылды.  

    Жалпы 2018 жылы екінші деңгейдегі банктер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 37,8 миллиард теңгеден астам несие беріп отыр.

    Индустриялды – инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында (2015-2019 ж.) жалпы құны 601,5 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оларда 6600 жұмыс орыны ашылмақ. Соның 6 жобасы 2018 жылы іске асырылып 480 жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 31,1 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны іске асырылуы жоспарланып, 799 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

    Өңір экономикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар жылдан жылға артып келеді. Мәселен, өткен жылы оған 255,0 миллиард теңге салынса, бюджеттік сомасы 22,2 пайызды, өзіндік қаражаттар - 71,1 пайыз құрады. Жалпы инвестиция көлеміндегі ішкі инвестиция  83 пайыз, ал сыртқы инвестициялардың үлесі 17 пайызды көрсетіп отыр.

    Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция сомасы 42,4 миллиард теңгені, шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар сомасы -  161,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,1 пайызға артып отыр.

    Инвестицияларды мақсатты түрде тарту, оларды жүйелеу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету шеңберінде «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» құрылды. Орталық инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарлы агенттіктердің озық тәжірибесіне негізделген аймақтық даму институты ретінде әрекет етуде. Орталық жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық инвесторлармен 300-ден астам жеке кездесу өткізді. Сүйемелдеуге 30-дан астам жоба алынды. Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 4,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын, 2018-2026 жылдар аралығындағы іске асыруға жоспарланған 70 инвестициялық жобаның базасы құрылды.

    Облыста 2018 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 105,2 пайызды құрап, еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда 9-шы орынға орнықты. Бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға төмен. Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі 105,2, азық-түлік емес тауарлары – 106,6, ақылы қызметтер – 103,8 пайызды құрады.

    Бөлшек сауда бойынша жоспарланған 104,3 пайыз индикаторы жыл қортындысымен 105,9 пайызды құрап, артығымен орындалды. Бөлшек сауда айналымының сомасы 279,3 миллиард, көтерме сауда айналымы – 205,8 миллиард теңгеге жетіп, 10,1 пайызға ұлғайды. Облыста сауда саласына салынған инвестицияның көлемі 2,3 есеге ұлғайып, 14,7 миллиард теңгені құрады. Сондай – ақ, 194 сауда нысаны пайдалануға берілді.

    Өңірдегі сауда базарларын да қайта жаңартудан және жаңғыртудан өткізіп, біртіндеп заманауи стационарлы сауда кешендеріне айналдыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Ол үшін қазіргі кезде облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгінде осы жұмыс тобы сауда базарларының қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіп, базар басшылығымен бірлесе отырып, жаңарту мүмкіндігі және қажетті қаражат мәселелерін зерделеумен айналысуда.

     

    Талғат Шалдарбеков,

    Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік

    және индустриалды – инновациялық

    дамыту басқармасы басшысының

    міндетін атқарушы.




    Дата создания: 19.03.2019 10:53:25

    Дата изменения: 12.06.2019 19:28:58

Возврат к списку