«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қоғамдық қабылдау өтті.

11.10.2019

10 қазан күні Басқарма басшысы Ж.Сариев  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарға әлеуметтік желі арқылы қоғамдық қабылдау жүргізді.       

Кездесу алаңында басқарма басшысы жалпы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы оның ішінде басқарманың негізгі функцияларына кіретін өнеркәсіп, индустриалды – инновациялық жобаларды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау көрсететін бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы түсіндірді.   

Сондай – ақ көптің көкейінде жүрген «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты сұрақтарға тиісті жауаптар  берілді.




Дата создания: 19.03.2019 10:53:25

Дата изменения: 11.10.2019 18:21:20

Возврат к списку