Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

01.04.2019

26 наурыздан 28 наурызға дейін Тараз қ. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ұйымдастырған техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті.

Институттың Жамбыл филиалы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін химиялық өнім мен минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша облыстың жетекші ұйымдарының, сәйкестікті растау бойынша органдар мен мемлекеттік органдардың 90 өкілін жинады.

 

3 күн ішінде тыңдаушылар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау және техникалық регламенттер талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау (қадағалау) жағынан Еуразиялық экономикалық одақтың шартты-құқықтық базасының негізні ережелерін тыңдады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесін қарастырды, метрология саласындағы заңнама жаңалықтарымен танысты, менеджмент жүйесін сертификаттау облысындағы жаңа тәсілдемелерді оқып-білді. «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» ЕАЭО ТР 037/2016 және «Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 041/2017 қолдану ерекшеліктеріне үлкен назар аударылды.

Сарапшылық дәрістерімен өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы секторларының жетекші мамандары, ЕАЭО мен ҚР Техникалық регламенттерінің әзірлеушілері және бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлар дәріс береді.




Дата создания: 01.04.2019 10:53:04

Дата изменения: 01.04.2019 10:53:04

Возврат к списку

Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

© 2020 Управление Предпринимательства и Промышленности Акимата Жамбылской области, официальный сайт