Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на торжественной церемонии открытия Года молодежи


Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее







 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Кәсіпкерлік ісі дамытылуына көмек мол

  • 30 Апреля 2019

    Елбасы былтырғы жылдың қазан айындағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы биизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі» деп атап көрсеткені белгілі. Мәселен, қазіргі таңда көптеген бизнес иелерінің кәсіптің көзін таба алуының арқасында өңірлерде жүздеген жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздықпен күрес дәйектілікпен жүзеге асырылу үстінде. Мұның жарқын мысалдары біздің өңірімізде де көп екендігіне көз жеткізу қиын емес.

               Дейтұрғанмен,  осыдан бірер ай бұрын жүргізілген зерделеу, талдау жұмыстарының қорытынды нәтижелері бірқатар жобаларды қаржыландыру ісін әлі де болса кең ойластыра отырып қарастырудың қажеттігін көрсетіп берді. Өңірімізде, әсіресе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы ісінің ширатылуы керек-ақ. Ағымдағы жылдың қаңтар айында басқармада тарапынан атқарылған жұмыстар жөніндегі есепте облыс әкімі А. Мырзахметов кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтудің түрлі жолдарын ұсынып, өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандары мен жеке бизнесін ашуға ниет білдіргендер жайында толыққанды мәліметтер базасын жасақтау, өндіріс  ісін өркендету бағытында бірқатар хаттамалық тапсырмалар берген болатын.

               Бүгінгі күні алға қойылған осы міндеттерге сәйкес тиісті жұмыстар қолға алынып, жүзеге асырылу үстінде. Атап айтқанда, өзекті  мәселелерін зерделеу, шешу, қажетті қолдау көрсету мақсатында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту картасы әзірленді. Осыған орай олардың паспортын қалыптастыру нәтижесінде әр ауданның экономикалық және ресурстық әлеуетіне негізделген жаңа жобаларды енгізу, өндіріс нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарының жоспары әзірленуде. Осы арқылы облыстық немесе республикалық бюджеттерден қаржыландыруға болатын нақты жобалар анықталатын болады. Бұл үшін ауылдық деңгейден бастап, облыс орталығына дейінгі кәсіпкерлік нысандарының ортақ паспорты болуға тиіс.

              Сондай-ақ, өңірдегі базарларды  қайта жаңарту мен жаңғыртудан өткізіп, біртіндеп заманауи стационарлы сауда кешендеріне айналдыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан  арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгінде топ мүшелері базарлардың  жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды жаңарту мүмкіндігі және қажетті қаражат мәселелерін басшыларымен бірлесе зерделеумен айналысуда.

              Осы ретте кәсіпкерлік құрылымдарының  әлеуетті күшке айналып үлгергенін атап өтуге тиіспіз. Елдің жұмыспен, табыспен қамтылып, тұрмыстарын түзеп, бақуаттана түсуі де осы саланың дамытылуына тікелей байланысты екені де даусыз. Бүгінде облысымызда 63 262 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артқан. Соның нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны 118727 адамға жетті. Кәсіпкерлік құрылымдары тарапынан былтыр 458,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

    «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы нақты іс жүзіне асырыла бастаған кезден бастап, өңірімізде  100,23 миллиард теңгені құрайтын 1403 жоба жүзеге асырылды. Ал өткен бір жылдың ішінде жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгені құрайтын 121 жаңа жоба жүзеге асырылған болатын. Олар «Пайыздық ставканы субсидиялау», «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру», «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетіктері және гранттық қаржыландыру бойынша қаржыландырылды. Жалпы 2018 жылы екінші деңгейдегі банктер тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 37,8 миллиард теңгеден астам несие берілді.

      Атап өтерлік жай, жергілікті бюджеттердің қаржыландыруымен  2017 жылы 9 кәсіпорынға (акционерлік қоғам, жауапкерділігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлік құрылымдарына) 340, 4 миллион, 2018 жылы 8 кәсіпорынға 492, 382 миллион теңгенің инфрақұрылымы мақұлданды. Осы тұрғыда Тараз қаласы мен аудандарда аталған бағдарлама басталғалы бері жалпы құны 11942,0 миллион теңгені құрайтын осындай 91 жоба жүзеге асырылған болатын.

    Сондай-ақ, аталған бағдарламаның екінші бесжылдығы ішінде  601,5 миллиард теңгенің 46 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, оларда 6601 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 6 жоба 2018 жылы іске асырылып 480 жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 31,1 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде  799 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

                Бүгінде өңірімізде инвестицияларды мақсатты түрде тарту, оларды жүйелеу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету аясында «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» құрылып, жұмыс істеуде. Орталық инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарлы агенттіктердің озық тәжірибесіне негізделген аймақтық даму институты ретінде қалыптасу үстінде. Бүгінгі күнге дейін мұнда жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық инвесторлармен 300-ден астам жеке кездесулер өткізілді. Сүйемелдеуге 30-дан астам жоба алынды. Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 4,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын, 2018-2026 жылдар аралығында іске асырылуы жоспарланған 70 инвестициялық жобаның базасы құрылуына қол жеткізілді.

                 Жалпы экономикасы дамыған әлем елдері  де кәсіпкерлік саласын дамыту, қолдау құрылымын қалыптастыру, жетілдіру жолында өзіндік тәжірибелерді бастан өткерді. Кешенді тәсіл мен мемлекеттік қолдау тетігі олардың барлығында  да бар. Ал өңіріміздің жоғарыда біз атап өткен жетістіктері облыста кәсіпкерлік ісі дамытылуына қолдау да, көмек те мол екендігінің нақты айғағы іспеттес. Кәсіпкерлер  үлкен күш екені, тұтастай елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы да тікелей соларға байланысты  шешімін табатыны әр кезде де есте болады. Осыған байланысты сала ісі одан әрі де серпінді дамытыла беретініне әбден сенімдіміз. 

      

    Талғат ШАЛДАРБЕКОВ,

    облыс әкімдігінің кәсіпкерлік

    және индустриялды – инновациялық

    дамыту басқармасы

    басшысының міндетін атқарушы.




    Дата создания: 30.04.2019 18:25:55

    Дата изменения: 30.04.2019 18:25:55

Возврат к списку