Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player


 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

  • 3 Июня 2019

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

     

    Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:


    D-О-4 санаты үшін:

    жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

    Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

    D-О-5 санаты үшін:

    жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

    жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

     

    Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

     

    Санаты

    Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

    теңгеден

    теңгеге дейін

    D-O-4

    83282

    112 431

    D-O-5

    74 954

    101 604

     

    Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

    1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және жергілікті қамту бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, №04-1, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанша 02.03.2020 ж. дейін).

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бағдарламаларын облыс аумағында орындауды қамтамасыз ету. Аймақтың өнеркәсіп саласының дамуына, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында қазақстандық қамтудың дамуына мониторинг жасау; облыс бойынша қазақстандық қамтуды дамыту бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективалық жоспарларды әзірлеуге, жүзеге асыруға және уәкілетті органдармен келісуге қатысу; қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі тоқсандық материалдарды жинақтап, ұсыну, «Қазақстандық қамту» интернет-порталында есепті тапсыру бойынша оқыту семинарларын өткізуге қатысу. Өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиясын және технологиялық процессін зерделеу. Кәсіпорындардың келісімімен, олардың өнеркәсіп саласындағы жұмысын оңтайландыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне қатысу. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне цифрландыруды енгізуге көмектесу. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыстың өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қажетті материалдар дайындау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету; өнеркәсіп саласын, цифрландыруды дамытуды зерделеу, талдау және болжау. Серіктестік бағдарламасын дамыту мақсатында ірі, орта және шағын бизнес компаниялары арасында қарым-қатынасты ұйымдастыруға қатысу. Облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындау және келісу. Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын құрастыруға және оны жүзеге асыруға қатысу. Бөлімнің саласына сәйкес имиджді және басқа да іс-шараларды жүргізу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы білім. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе ақпараттық жүйелер немесе геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау немесе кен ісі немесе металлургия немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе бейорганикалық немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы немесе азық-түлік қауіпсіздігі немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мұнай химиясы немесе наноматериалдар және нанотехнологиялар немесе пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіру және барлаудың геофизикалық әдістері немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

    2. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік  бөлімінің бас маман-заңгері, 1 бірлік, санаты D-О-4, №5-2.

    Функционалдық міндеттері: бөлімнің ағымды және алдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады. Меншік иесіне қарамастан спорт ұйымдарының қызметін ұйымдастыру барысында заңгерлік, әдістемлік, кеңестік көмектер көрсетеді. Басқарманың мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру барысында шығарылатын нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін зерделейді, негізгі қызмет бойынша шығарылған бұйрықтарды ресімдейді, тіркеуден өкізеді. Спорт саласына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді, оларды келісуден өткізеді. Басқарма атынан сотта және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық жағынан өкілдік етеді. Басқарма басшысы қол қоятын нұсқамаларға, ережелерге, хаттамалық шешімдерге, әріптестер алқасы мәжілісінің қаулыларының қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігін тексереді. Спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның, сондай-ақ облыс әкімдігі, облыс мәслихаты бекіткен іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді, тоқсан айын сараптама жасайды, облыс прокуратурасына ақпарат дайындауды және БАҚ-қа, басқарманың интернет-ресурсына ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді. Басқарма туралы Ережеге, басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарының Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді. Басқармамен жасалатын шарттардың, келісімдердің және мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушімен жасалатын шарттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді және дербес жауап береді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады. 

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Азаматтық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік  мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Құқықтану мен іс-қағаздарын жүргізу негіздерін білу.

    3.Жамбыл  облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, №05-05-1-2.

    Функционалдық міндеттері: өзекті мәселелер туралы қоғамдық пікірді анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулерді, эксперттік бағалауды ұйымдастыру; сауалнамалар әзірлеу; сұхбат алушыларды іріктеу; жинақталған әлеуметтік ақпарттарды компьютерлік базаға енгізу; зерттеулер  нәтижесінің сызықтық есебін өңдеу; ақпараттық-талдамалық материалдар,  әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу; әлеуметтік топтардың әрекеттерін сараптамалық бағалауға және болжауға қатысу; талдауға қажетті статистикалық, әлеуметтік және ақпараттық мәліметтерді жинақтау, жүйелеу; есепке алуды ұйымдастыру; аймақтағы тәуелсіз зерттеулер құрылымдардың қызметі туралы ақпараттық дерекқорды толықтыру; әлеуметтану салсындағы ақпараттық және талдамалық материалдарды жинақтау; әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру; Интернет-сайттардың контенттік толықтырылуы бойынша облыстағы мемлекеттік органдардың веб-сайттарына мониторинг жүргізу; басқарманың стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша есебін дайындауға қатысу; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар  немесе жаратылыстану ғылымдары. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    4.  Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік,  №02-4.

    Функционалдық міндеттері: бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады. Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф. №2  актісі және № 3  анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу  барысында ақаулық  ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль  жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының  және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді.   Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына   жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың   ішкі еңбек тәртіп  ережелерін сақтауға міндетті.Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық  жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы: құрылыс немесе көлік құрылысы немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының   «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарын,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.     

     

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)    3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

     Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

    Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

     

    Нысан

     

    __________________________
     (мемлекеттік орган)

     

    Өтініш

         

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

         

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
      (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.


    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

     

    Нысан

     

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

     

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)

    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)

     

     

    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)

     

    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

    1.

    Туған күні және жері/
    Дата и место рождения

    2.

    Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)

    3.

    Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения

    4.

    Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

    5.

    Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками

    6.

    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)

    7.

    Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

    8.

    Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

    9.

    Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

    Күні/Дата

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

    қабылданған/
    приема

    босатылған/
    увольнения

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

     

     

     

     




    Дата создания: 03.06.2019 17:34:46

    Дата изменения: 07.06.2019 16:31:35

Возврат к списку