«Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?» атты диспут

12.06.2019

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының персоналды басқару қызметімен ұжымда «Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?» атты диспут ұйымдастырылды. Оған жас мамандар – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қатысты. Диспут интерактивті режимде өтті. Қатысушылар заманауи мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен жауапкершілік екендігімен бірауыздан келісті. Кәсіби білім, адалдық, белсенді өмірлік позиция, ойлау қабілетінің ерекшелігі сынды қасиеттер қажет. Ол өз елінің патриоты және үнемі ізденісте болуы керек. Бұл принциптер өзін осы іске арнағандар үшін айқын бағдар болуы тиіс. Пікірталас барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыру үшін мотивацияларын ынталандыру қажеттігі, жастар арасында мемлекеттік қызметті дәріптеу, оның ашықтығы мен беделін арттыру қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.



Дата создания: 12.06.2019 19:52:10

Дата изменения: 12.06.2019 19:56:57

Возврат к списку