Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player


 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Гранттарға жарияланған конкурстың нәтижесі туралы хабарлама

  • 5 августа 2019

    Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарға жарияланған конкурстың нәтижесін хабарлайды.

    Конкурсқа қатысу үшін барлығы 466 өтінім, оның ішінде 21 мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түсті.

    Тараз қаласынан – 159 жоба, оның ішінде 2 мүгедек азаматтар, Байзақ ауданынан – 43 жоба,  Жамбыл ауданынан – 23 жоба, оның ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Жуалы ауданынан – 31 жоба оның ішінде 1 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Қордай ауданынан – 16 жоба, оның ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Меркі ауданынан - 27 жоба, оның ішінде 9 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Мойынқұм ауданынан – 8 жоба, Сарысу ауданынан – 56 жоба, Т.Рысқұлов ауданынан – 26 жоба, оның ішінде 1 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Талас ауданынан – 46 жоба, оның ішінде 4 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Шу ауданынан – 31 жоба қаралды.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қағида талаптарына сәйкес, грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу арнайы құрылған Конкурстық комиссия тарапынан жүргізілді.

    Конкурстық комиссияның 7 отырысы өтіп, олардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері әр жобаны жеке – жеке талдап, өздерінің шешімдерін хаттамаларға қол қою арқылы рәсімдеді.

    Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 158 жас кәсіпкер жалпы сомасы 324 млн. теңгеге грант иегерлері атанды.  

             Тараз қаласынан 109,2 млн. теңгеге 49 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 123.

    Байзақ ауданынан 17,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 27.

    Жамбыл ауданынан 19,3 млн.теңгеге 12 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 32.

    Жуалы ауданынан 32,5 млн.теңгеге 15 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 36.

    Қордай ауданынан 12,5 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 7.

    Меркі ауданынан 19,0 млн.теңгеге 10 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 20.

    Мойынқұм ауданынан 5,5 млн.теңгеге 3 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 4.

    Сарысу ауданынан 35,5 млн.теңгеге 20 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 73.

    Т.Рысқұлов ауданынан 22,8 млн.теңгеге 11 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 26.

    Талас ауданынан 37,5 млн.теңгеге 16 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 35.

    Шу ауданынан 12,7 млн.теңгеге 7 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 17.

    Конкурсқа қатысқан кәсіпкерлерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламалар Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арқылы жолданды.

    Қазіргі уақытта бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру туралы шарттар рәсімделуде. 




    Дата создания: 05.08.2019 23:54:48

    Дата изменения: 05.08.2019 23:55:10

Возврат к списку