Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player


 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

Құрметті жамбылдық жастар, парақша оқырмандары!

  • 13 Августа 2019

    «Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жастардың жаңа бизнес-идеяларын және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін бөлінген мемлекеттік гранттар аясында түрлі сұрақтар туындап, түрлі ақпараттар жарияланып жатқанына байланысты қосымша ақпарат беруді жөн көрдік.

    Жастарға арналған гранттарға жарияланған конкурс және оған қатысушылардың жобаларын іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қағидаға сәйкес ұйымдастырылды (Бұдан әрі – Қағида).

    Яғни, конкурсты ұйымдастыру, конкурстық комиссияның құрамын жасақтау, оның отырысын өткізу, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізбесі, жобаларды іріктеу және дауыс беру тәртібі, оның қорытындыларын анықтау, комиссия мүшелері мен бағдардарлама әкімшісінің құқықтары мен міндеттері ҚР Үкіметі бекіткен құжат аясында жүргізілді.

    Қағидада жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, бизнес-жоба, кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын , ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі (сертификат), кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері ұсынуы тиіс құжаттар ретінде бекітілген.                                            

    Сертификат алу үшін оқыту курстарын ұйымдастырушы ұйым қызметкерлерінің жұмыс сапасын және оқыту мазмұнын қадағалау бағдарламаны үйлестірушінің құзырына кірмейді.                                            Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты) бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.                     

    Бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспар. Бизнес- жобаны әзірлеуге қатысты Қағидада нақты талаптар қойылмаған. Яғни, жобаға қатысушы бизнес жобаны кәсіпкерлік дағдыларын оқыту курстарында алған білімі бойынша өзі дайындауға құқылы және бұл үшін ақылы төлемдер жасауға міндетті емес.        Қағидада шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаға қатысу үшін өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгіне алатыны көрсетілген.                   

    Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.  Комиссия отырыстарының барынша ашық әрі жариялы өткізу мақсатында бейне жазба жүргізіліп, олар әлеуметтік желіде орналастырылып отырды.    

    Сенімхат арқылы өзге азаматтардың бизнес-жобаны таныстыруы Қағидада қарастырылмаған. Дегенмен, кейбір жас кәсіпкерлердің ата-анасы, өзде де туыстары қолдау көрсету мақсатында комиссия отырысында болғанын жоққа шығармаймыз. Бұған шектеу қойылмаған және бұл комиссия жұмысының ашықтықтығының бір белгісі деп білеміз.                                             

    Конкурстық комиссияның отырысына Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп және отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Яғни, комиссия мүшелерінің толық қатысуы және дауыс беруі міндетті талап емес.

    Қағидада кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді деп көрсетілген және конкурс жеңімпаздарының аты-жөндерін, олардың жобаларын, алған грант сомаларын жариялау белгіленбеген.          

    ҚР Конституциясында, Кәсіпкерлік кодексінде, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», өзге де заңнамаларында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты деректердің құпия сақталуына құқық нормалары белгіленген. Сонымен қатар, бағдарлама үйлестірушісінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жеке мәліметтерді жариялауға олардың келісімдері болмауына байланысты жеңімпаздардың аты-жөндері мен олардың жобаларына, алған грант сомаларына қатысты мәліметтер жарияланбайды.                                         

    Қағида шарттарына сәйкес, кәсіпкерлерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламалар қала және аудан әкімдіктері арқылы жолданды. Әлеуметтік желі мессенджерлері арқылы конкурс жеңімпаздары ретінде таралған аты-жөндер мен тізімдер ресми ақпаратқа жатпайды. Жұмыс барысында кейбір деректерді нақтылауға қатысты қала және аудан аудан әкімдіктеріне бұрынырақ жолданған тізімдер заңсыз алынған жолмен теріс пайдаланылған.                           

    Сондықтан, егер де әкімдік қызметкерлері тарапынан осындай тізімдерді тарату арқылы сыйлықтар мен қаржылай сыйақылар сұрау фактілері белгілі болса, құқық қорғау органдарына немесе басқармаға хабарлау қажеттігін назарларыңызға жеткіземіз.                               

    Грант конкурсының қорытындыларына қатысты 7.08.2019 жылы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіліп, тиісті сұрақтарға жауаптары берілді.                 

    Осыған байланысты, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларға ресми ақпараттарға сүйенуді және нақты деректерге негізделмеген, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты дәлелденбеген ақпараттарды жариялауға жол бермеуді сұраймыз.                     

    Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік

    және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы




    Дата создания: 13.08.2019 21:13:29

    Дата изменения: 13.08.2019 21:13:29

Возврат к списку