Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

04.10.2019

Инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау регламентіне сәйкес 30 қыркүйек күні шетелдік «Джон Бан МеталлПром» АҚ – ның  инвесторларымен кездесу өтті.

Кездесуде «Джон Бан МеталлПром» АҚ жалпы құны  7,8 млрд. тг құрайтын мырыш оксиді мен қорғасын оксидін өндіретін цехтарды қайта құру және құрылыс материалдарын өндіру (күйдірілген кірпіштер, тротуар плиткалары) инвестициялық жобасы таныстырылды.

Жобаны 3 кезеңмен іске асыру жоспарланған. Жобаны іске асырумен барлығы 80-нен астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жиын барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірістік кестесі талқыланып, жергілікті техникалық мамандық иелері мен жұмысшылардың қажетті ресурсын тарту мәселесі айтылды.

Кездесу нәтижесімен Жамбыл облысы әкімдігі атынан облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров және «Джон Бан МеталлПром» АҚ басшылығы инвестициялық жобаны сүйемелдеу мақсатында өзара әріптестік меморандумға қол қойды.





Дата создания: 13.08.2019 21:13:29

Дата изменения: 07.10.2019 12:19:48

Возврат к списку

Перейти к полной версии сайта | Карта сайта

© 2019 Управление Предпринимательства и Промышленности Акимата Жамбылской области, официальный сайт