Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее









 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

План деятельности Управления на текущий год

 

                                                                                                                                              «Бекітемін»

Жамбыл облысы

әкімінің орынбасары

 

________________Т. Жанке

 

«____» _________2018 ж.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту

басқармасының   2018 жылы атқаратын  жұмыс жоспары

 

Атқарылатын жұмыстың атауы

Орындау мерзімі

Атқарылатын іс-шаралардың нақты көрсеткіштері, күтілетін нәтижелері

Іс-шараға қосымша тартылатын мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, қоғамдық  бірлестіктер және басқа құрылымдар

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша

1.          

Кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін шешу үшін кәсіпорындардың базасын өзектендіріп, проблемалық мәселе туындаған жағдайда Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңес немесе Іскерлік кеңес отырысына ұсыну

Тоқсан сайын

Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңес отырысын өткізу

Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңес  мүшелері

2.          

Кәсіпорындардың өнімін өткеруге ықпал ету мақсатында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің каталогын әзірлеу және БАҚ «Жамбылда жасалған» рубрика әзірлеу

2018 жылдың ішінде

Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің каталогын әзірлеу және БАҚ -та «Жамбылда жасалған» атты рубрика жүргізу

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары

3.          

Облыс кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелерін зерделеп оларды шешу бойынша салалық министрліктерге тиісті ұсыныстар жолдау үшін Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру

Тұрақты түрде

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы (келісім  бойынша)

4.          

«Кәсіпкерлер үйі», «Тараз» ӘКК» арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсету (қаржылай қолдау бойынша, ақпараттық кеңестер ж.т.б.)

Тұрақты түрде

Кәсіпкерлерге көмек көрсету (қаржылай қолдау бойынша, ақпараттық кеңестер ж.т.б.)

Жамбыл облысының  инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы, «Тараз»  ӘКК» ҰК» АҚ  (келісім  бойынша)

5.          

Облыс әкімдігіні жанындағы Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысын өткізу

Қажеттілігіне қарай

Мемлекеттік органдардан кәсіпкерлік мәселесіне қатысты сұрақтар туындап, сұраныс орнауына орай аталған мәселені талқылау үшін облыс әкімдігіні жанындағы Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысын ұйымдастыру

Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптамалық кеңес  мүшелері

6.          

Кеден одағының техникалық регламенттерді талдау жөніндегі өңірлік штаб отырысын өткізу

Қажеттілігіне қарай

Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесе отырып, Жамбыл облысы бойынша барлық бизнес субъектілеріне, отандық тауар өндіруші кәсіпорындары мен ұйымдарымен Кеден одағының техникалық регламенттер жобаларын зерделеу және талдау мақсатында өңірлік штаб отырысын ұйымдастыру

Кеден одағының техникалық регламенттерді талдау жөніндегі өңірлік штаб мүшелері

7.          

Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелеріндегі, жүйе құраушы кәсіпорындарындағы, квазимемлекеттік мекемелердің сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша Комиссия отырыстарын өткізу

Қажеттілігіне қарай

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға және тауар, жұмыс және қызметті сатып алуда жергілікті қамтуды мониторингтеу үшін 2017-2019 жылдарға Жамбыл облысындағы жергілікті қамтуды бақылау бойынша аймақтық комиссияның отырысын ұйымдастыру. Отырыс барысында қазақстандық қамтуды дамыту бойынша мәселелерді қарастырып, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелерге жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар беру

Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелеріндегі, жүйе құраушы кәсіпорындарындағы, квазимемлекеттік мекемелердің сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша Комиссия мүшелері

8.          

«Жамбыл облысында жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі Жоспардың» орындалуы бойыша ақпарат жинақтап, оны тиісті орталық мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде  ұсынып тұру

Ай сайын

«Жамбыл облысында жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі Жоспардың» тармақтары бойынша бекітілген мерзімге сәйкес, ай сайын тармақтардың орындалуы жөнінде жауапты органдардан ақпарат жинақтап, орталық мемлекеттік органға ұсынып отыру

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы (келісім  бойынша), «Тараз»  ӘКК» ҰК» АҚ  (келісім  бойынша) және басқа да Жоспардың орындалуына қатысты құрылымдар

9.          

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсын өткізуге ықпал ету

Көрме-конкурстың өткізілу кестесіне сәйкес

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсын өткізу үшін көрме-конкурсқа кәсіпкерлерді тарту және іс-шараны өткізуге қаржы бөлу

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы (келісім  бойынша), Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

10.       

Облыс аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының өндірістік ахуалымен  танысу, проблемаларын айқындап көмек беру

Тұрақты түрде

Қажеттілікке орай облыстың кәсіпкерлік нысандарына (зауыт, цех, фабрика) барып, өндіріс барысымен танысу

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, облыс аумағындағы кәсіпорындар (келісім бойынша)

Кәсіпкерлікті қолдау саласы бойынша

11.       

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын облыста қаржылау қолдау құралдарының іске асырылуын қамтамасыз ету

2018 жыл ішінде

Бюджеттен қарастырылған қаржының толық игерілуін қамтамасыз ету; Бөлінген қаражатқа кем дегенде 240 кәсіпкерге қолдау көрсету.

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, «Даму» аймақтық филиалы (келісім бойынша),  мүдделі орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша)

12.       

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қалаларды шағын несиелендіруін қамтамасыз ету

2018 жыл ішінде

Бюджеттен қарастырылған қаржыға толығымен уақтылы игерілуін қамтамасыз ету; Кем дегенде 55 кәсіпкерге несие беруін қамтамасыз ету.

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, «Даму» аймақтық филиалы (келісім бойынша),  мүдделі орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша)

13.       

Мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2018 жыл 1-ші және 2-ші жарты жылдықта

Мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру мақсатында екінші деңгейлі банктер, «Даму» қоры, қаржы институттарының өкілдерімен бірлесіп облыс аумағында  кәсіпкерлердің қатысумен,  түсіндіру жұмыстарын жүргізу, буклет, брошюралар тарату

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, «Даму» аймақтық филиалы (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банк облыс аумағындағы филиалдары,  мүдделі орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша)

14.       

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» және  «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлердің жобаларын БАҚ арқылы жариялау

2018 жыл 1-ші және 2-ші жарты жылдықта

Облыстық телеканалдардан бағдарламаның шарттарын түсіндіру және кәсіпкерлердің жобалары  бойынша видео роликтер жариялау

 

 

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары

Сауда саласы бойынша

15.       

Заманауи талаптарға сай стационарлық сауда нысандарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізу

2018 жылдың ішінде

Облыста сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес 5 сауда нысанының ашылуына ықпал ету

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, сауда субъектілері (келісім бойынша)

16.       

Жұмыс істеп тұрған сауда базарларын қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру

2018 жылдың ішінде

Тараз қаласындағы жұмыс істеп тұрған сауда базарларын қайта жаңарту және жаңғырту шараларын ұйымдастыру

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, сауда субъектілері (келісім бойынша)

17.       

Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің аймақаралық көрме-жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз ету

2018 жылдың ішінде

Аймақтың ауыл шаруашылығы және халық тұтынатын тауар өндірушілерінің алдын-ала келісім бойынша еліміздің басқа өңірлерінде, көршілес мемлекеттерде, өз облысымызда өткізілетін көрме-жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, сауда субъектілері (келісім бойынша)

18.       

Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге ықпал ету

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында

Жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар мен кәсіпкерлер және бөлшек саудамен айналысатын тұлғалар арасында олардың шығаратын өнімдерін сатып алу туралы меморандумдар жасалуын ұйымдастыру

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, сауда субъектілері (келісім бойынша)

19.       

Облыстағы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағаларына мониторинг жүргізу

ай сайын

Аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің облыстағы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағалары туралы ақпараты негізінде бағалардың өзгеруіне талдау жасап отыру

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, сауда субъектілері (келісім бойынша)

Индустриалды-инновациялық даму мәселелері   бойынша

20.       

Жұмыс істеп тұрған және Индустрияландыру Картасы  аясында іске қосылған жобалардың жоспарлы қуаттылықтарына шығуына мониторинг жүргізу

Ай сайын

Кәсіпорындардың жұмысына ай сайын мониторинг жүргізу

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Индустрияландыру картасына енген жоба бастаушылары (келісім бойынша)

21.       

Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылуға жоспарланған жобаларға мониторинг жүргізу

Ай сайын

2018 жылы Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында кемінде 6 жобаны іске қосу

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Индустрияландыру картасына енген жоба бастаушылары (келісім бойынша)

22.       

Индустриялды - инновациялық бағдарламасы аясында, іске асырылған жобалар бойынша мониторинг жүргізіп, уақытылы іске қосылуын қадағалау.

Картаны кезекті өзектендіру аясында  инвестициялық жобаларды тарту, қағидаға сәйкес іріктеу, тұсаукесер материалдарын әзірлеп, құжаттарын және тұжырымдамасын дайындап Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысына ұсыну.

ай сайын

Казіргі танда 23 инвестжобалар бақылауда тұр, жылдың соңына дейін жоспарланған 6 инвестжоба толық іске қосылғаннан соң  мониторинг жүргізіледі.

Картаны кезекті өзектендіру аясында жыл соңына дейін кемінде 3-4 инвест жоба Картаға енгізу жоспарлануда

Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, Индустрияландыру картасына енген жоба бастаушылары (келісім бойынша)

23.       

Жылына екі рет өтетін Жалпы Ұлттық  Телекөпірге қатысты инвестициялық жобалар бойынша, қосымшаға сәйкес, материалдар дайындау және ұсыну. Облыс деңгейінде  Телекөпірді өткізу үшін көмек беріп және қатысу.

Бірінші

жарты жылдықта

Бірінші жартыжылдығына «BioVet KZ» ЖШС - «GMP және GLP стандартына сай ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинаттың құрылысы» жобасы Жалпы Ұлттық  Телекөпірге ұсынуы жоспарлануда.

Тиісті аудан әкімдіктері, Индустрияландыру картасына енген жоба бастаушылары (келісім бойынша)

24.       

Іске асырылып жатқан ірі жобалар:  «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, «Химпарк-Тараз» АЭА, индустриалды аймақтар және «Aurum Deutschland AG» ЖШС бойынша мониторинг жүргізіп, ағымдағы жағдайы туралы ақпарат ұсынып тұру.

Тоқсан сайын

Ақпартты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне ұсыну.

Тиісті аудан әкімдіктері, «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, «Химпарк-Тараз» АЭА, «Aurum Deutschland AG» ЖШС (келісім бойынша)

25.       

Кәсіпкерлікті қолдау картасына енген жобалар туралы  облыстың БАҚ ақпарат әзірлеу және олардың жүзеге асуы туралы материалдардың республикалық телеарналарда шығуына  ықпал ету.

Тұрақты

Ақпарат әзірлеу және олардың жүзеге асуы туралы материалдарды ұсыну.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары (келісім бойынша)

Туризм саласы бойынша

26.       

Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Күздік туриада» өткізу

қыркүйек

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

27.       

«Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік экспедициясын өткізу

мамыр

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Білім басқармасы, Ішкі саясат басқармасы

28.       

Арнайы туристік турлар (оқушылар мен студенттерге арналған) («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

мамыр - қараша

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Білім басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері

29.       

PR – promotion. Туристік жарнамалық өнім шығару  (Қазақстандық және шел елдік БАҚ)  («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

мамыр-қараша

Облыстың туристік имиджі қалыптасады, облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

30.       

 «Ancient Taraz-2018» халықаралық туристік форумын өткізу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

қараша

Облыстың туристік имиджі қалыптасады, облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

31.       

 «Айша Бибі» бейнеролигін түсіру

(«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

тамыз

Облыстың туристік имиджі қалыптасады, облысқа туристердің келу легі көбееді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

32.       

Ақпараттық турлар өткізу (шет елдік және отандық туроператорларға арналған)  («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

мамыр-қыркүйек

Облыстың туристік потенциалы жарнамалады, облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, облыстың туристік салада қызмет көрсететін ассоциациялар (келісім  бойынша)

33.       

 «Тараз Fashion week» халықаралық сән фестивалін өткізу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

мамыр

Облыстың туристік имиджі қалыптасады, облысқа туристердің келу легі көбейеді

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ішкі саясат басқармасы, «Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, облыстың туристік салада қызмет көрсететін ассоциациялар, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, 

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы (келісім  бойынша), арнайы орта білім және жоғарғы оқу орындары (келісім  бойынша)

34.       

«Қызғалдақ» фестивалін өткізу

(«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

мамыр

Облыстың туристік имиджі қалыптасады облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ішкі саясат басқрамасы, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері

35.       

«Ұлттық тағамдар»  фестивалін өткізу

мамыр-қыркүйек

Облыстың туристік имиджі қалыптасады, облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

36.       

«Познай свой край» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

тамыз

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

37.       

«Шаушен» туристік базасына жол салу

тұрақты

Облыстың туристік имиджінің жоғарлап, туристердің келу легі көбеюуіне әсер етеді

Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы, «Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Т.Рысқұлов ауданы

38.       

«Әулие бастау» туристік объектісіне жол салу

тұрақты

Облыстың туристік имиджінің жоғарлап, туристердің келу легі көбеюуіне әсер етеді

Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы, «Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Жамбыл ауданы

39.       

Аэропорт, темір жол және авто бекеттерінде ақпараттық электрондық киоскілер ашу

қараша

Облысымызға келген туристерге қолайлы жағдай жасалады.

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

40.       

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басқаруымен ұйымдастырылған делегация құрамымен халықаралық және отандық туристік көрмелерге қатысу

тұрақты

Облыстың туристік мүмкіндігін жарнамалауға, шет ел туроператорларымен келіссөздер жасауға,  тәжірибие алмасуға мүмкіндік береді.

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

41.       

 «Айша-Бибі» VISIT-орталығын ашу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

2018 жылы

Аталған орталықта 20 орындық қонақ үй, 100 орындық конференц зал, асхана, 50 автокөлік тұрақ орны, кәдесый өнімдерін сататын сауда нүктесі, Орталықта қызмет ететін 15 адамға жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ішкі саясат басқармасы, «Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, 

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы  (келісім  бойынша),

42.       

«Қызғалдақтар музейін соғу» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

2018 жылы

Облыстың туристік имиджінің жоғарлап, туристердің келу легі көбеюуіне әсер етеді. Жамбыл облысы қызғалдақтар отаны болғандықтан, аталған музейді Голландияның «қызғалдақ музейі» негізінде соғу жоспарлануда.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ішкі саясат басқармасы, «Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, 

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы  (келісім  бойынша)

43.       

Ұзақтығы 50 минуттық «Айша Бибі» көркем фильмін түсіру («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша)

2018 жылы

Қазақ халқының рухани, мәдение және тарихи салт- дәстүрін насихаттау үшін және облыстың туристік имиджі қалыптастырып, облысқа туристердің келу легі көбейеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

44.       

Жамбыл облысы туризм саласы дамуының 2019-2023 жылдарға арналған Шебер жоспарын (тұжырымдамасын) әзірлеу

қараша

Туризм саласын дамыту бойынша нақты іс-шаралар жоспары айқындалады

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

45.       

Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Күздік туриада» өткізу

қыркүйек

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы

46.       

«Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік экспедициясын өткізу

мамыр

Балалар және жасөспірімдер мен ішкі туризмнің дамуына әсер етеді

«Тараз-Туризм» ақпараттық орталығы, Білім басқармасы, Ішкі саясат басқармасы

 

      Мәтіндегі  қысқартылған атаулардың толық нұсқасы:

1.      «Тараз»  ӘКК» ҰК» АҚ  - «Тараз» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  

2.      «Даму» аймақтық филиалы – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы

 

               Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік

               және индустриалды-инновациялық

               дамыту басқармасының   басшысы                                                                        Қ.Аралбекова

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту

басқармасының   2018 жылы атқаратын  жұмыс жоспарының

КЕЛІСІМ  ПАРАҒЫ

 

1.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы (келісім  бойынша)

 

__________________

____________________________

2.

«Тараз» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім  бойынша)

__________________

____________________________

3.

 

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы

 

__________________

____________________________

 

Дата изменения: 15.04.2018 08:54