Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Басқарма туралы ереже

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
2 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің

кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысында кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп және сауда саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен  ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.   Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 35.

10.   Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11.   Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15.   Міндеттері:

1) аймақтық деңгейде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік стратегия шараларын жүзеге асыру;

2) кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, салаларды техника-технологиялық жаңарту, инновациялық қызметтерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;

3) шағын кәсіпкерлік мәселелерін шешуде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру,  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау аясындағы заңнамалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге мониторинг және талдау жүргізу;

4) шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамуына жәрдемдесу;

5) облыс аумағындағы сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

6) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

7) облыста сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар әзiрлеу.

16.   Функциялары:

1)  сауда, өнеркәсіп мекемелері мен ұйымдарының, кәсіпорын қызметтеріне мониторинг жүргізу;

2)  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағадрламасын іске асыру;

3)  шағын кәсіпкерлікке кеңестік және техникалық, қаржылай көмек беру мәселелері бойынша халықаралық және отандық қаржы институттарымен, басқа да ұйымдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

4)  шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау сұрақтары бойынша кәсіпкерлер ассоциациясымен, бизнес-орталықтармен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;

5)  шағын және орта кәсіпкерлік сұрақтары бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу;

6)  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

7)  өнеркәсіп салаларының дамуын зерттеу, талдау және болжау;

8)  Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына қатысу;

9)  жиналыстарға, семинарларға және форумдарға қатысу;

10)  мониторингке қосу үшін, басымды бағыттарға сәйкес жалпы экономикалық немесе әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іріктеуге қатысу;

11)  2015-2019 жылдарға арналған республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына қосылған Жамбыл облысындағы жобаларға мониторинг жүргізу;

12)  2015-2019 жылдарға арналған республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру картасына жобаларды қосу мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;

13)  халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

14)  халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу бойынша шаралар әзірлеу және іске асыру;

15)  көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

16)  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

17)  аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда нысандарын дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;

18)  көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру;

19)  стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындарын бекіту;

20)  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 202-бабында көзделген «Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы» әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

21)  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабында көзделген «Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау» бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

22)  облыстағы сауда базарларына санаттар беру;

23)  мемлекеттік статистика органдарының деректері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек сауда бағаларын шекті мәндерімен салыстырмалы талдауын жүргізу;

24)  жыл сайын, белгіленген уақытта уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша жиынтық ұсыныстар енгізу;

25)  заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметтi жүзеге асыруына лицензия беру;

26)       туризмді дамыту бойынша өңірлік (аймақтық) бағдарламаларын әзірлеу;

27)  туризм сұрақтары бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындау;

28)  туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру;

29)  туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;

30)  туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу.

17.   Құқықтары мен міндеттері:

«Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерін іске асыруға және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарға:

1) индустриалды-инновациялық қызметті және кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныс енгізуге;

2) статистика органдарынан, барлық меншік нысандағы кәсіпорындардан,  облыстық басқармалардан, комитеттерден, бөлімдерден, қалалық және аудандық әкімдіктерден, банктерден және басқа да ұйымдардан өзінің міндеттері мен функцияларын орындау үшін ақпараттарды және есептерді сұрап алуға;

3) қажет болған жағдайларда сараптамалар өткізуге, конкурстық комиссияларға қатысуға, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге ғылыми қызметкерлерді, туризм, кәсіпкерлік және өнеркәсіп субъектілерінің мамандарын, облыстық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін  тартуға;

4) туризм, кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту сұрақтары бойынша келіссөздер жүргізуге және келісім шарттар жасауға;

5) аймақтық және салааралық сұрақтарды шешуде консультациялық-кеңесші органдар құруға құқығы бар.

Міндеттері:

1)   өз қызметін «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің осы Ережесіне, сондай-ақ жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізуді іске асыру;

2)   өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету.

         

3.  Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.                   

20.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

3) келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;

5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

7) қызметкерлерді көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолдану шараларын анықтайды;

8) «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.    Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4.  Мемлекеттік органның мүлкі

 

23.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24.   «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

25.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

30.12.2018 22:40