Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Туризм жайлы анықтамалық ақпарат

2016 жылғы 6 айдың статистикалық мәліметтері бойынша облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастырулар орындарының саны 128 бірлікті құрап, ондағы орналастыру орындары  1560 нөмірге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 2733 төсек-орынды құрайды. 43254 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,6%-ға азайды.

Есепті кезеңде орналастыру орындарында 440,8 млн.теңгенің қызметі көрсетілген, қызметтерінің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4%-ға артты.

2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша резидент емес келушілердiң саны 6,6%-ға азайды. (2015 жылғы қаңтар - маусымда – 965 келушілер, 2016 жылғы қаңтар - маусымда – 901 адам),  резиденттер бойынша да 2,3%-ға кеміген (2015 жылғы қаңтар - маусымда 43362 адам, 2016 жылғы қаңтар - маусымда – 42353 адам).

Келушілер сапарларының басым көпшілігі жеке мақсаттарымен (54,9 %) саяхаттаған.

Аймақта туризмді дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:

-   2016 жылдың 29 қаңтарында М.Х.Дулати атындағы ТМУ-інің «Туризм және сервис» кафедрасымен бірлесіп «ЭКСПО-2017: Қазақстан туризмі үшін мүмкіндік» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді;

-   Туристік саланы дамыту тұжырымдамасын келісу шеңберінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 5 бабын бұзбау мақсатында Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру үшін қажетті алдын-ала есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыну мақсатында Жамбыл облысы Жамбыл және Байзақ аудандарының жерлері қиылысында (40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырым оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде) орналасқан «Ақыртас» сарай кешеніне баратын автожолдың құрылысын және Жуалы ауданындағы Тараз - Қаратау трассасынан 4 шақырым жерде орналасқан «Тау самалы» туристік кешеніне баратын жолдардың құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру іс-шараларының жұмыс жобаларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2016 жылдың 1 наурызында №04-661 хатымен ұсынылды;

-   2016 жылдың бірінші тоқсанында  «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы соммасы 455,0 млн. теңге қонақ үйлер салу және қайта жабдықтау жөніндегі 3 инвестициялық жоба, қарастырып, мақұлдады;

-   2016 жыдың 12 ақпанында Жамбыл облысында туризм саласын дамыту мақсатында құрылған арнайы тобы ағымдағы жылдың 22- 26 ақпан аралығында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарына инвентаризация және аумақтың туристік мүмкіндіктеріне маркетингтік- сараптамалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеулер қорытындысы негізінде қызмет көрсетудегі нақты міндеттерді іске асыру үшін Жұмысшы тобының 17 ақпанда және 9 наурызда отырыстары өтті. Отырыстардың қорытындысы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік бағыттар және экскурсиялар әзірленді;

-   2016 жылдың 11 наурызында Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірігіп туристік фирмаларға Зико вирусын алдын алу туралы семинар өткізілді;

-   Облыста туризмнің дамуы және туризм нысандары туралы «Знамя труда» газетінде 2016 жылдың 17 наурызында № 30 санында мақала жарияланды;

-   Ү. ж. наурыз айының 21-24 аралығында Ұлы Жібек жолы бойында турларды ұйымдастыру мақсатында Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан мемлекеттерінің дипломатиялық корпустары және министрліктерінің өкілдеріне ақпараттық тур өткізілді; Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін оңалту бойынша шаралар Жоспарының шеңберінде 2016 жылға «Терроризм қатерінен бизнес шығындары» көрсеткішті жоғарылату бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласы және аудан әкімдіктері, облыстағы қонақ үйлер мен туристік фирмалармен бірге  терроризмнің бизнеске қатері туралы түсіндіру мақсатында кездесулер 2016 жылдың 31 наурызына дейін өткізілді;

-   Облыстық «Ақ Жол» газетіне «ЭКСПО-ға Жамбыл өңіріде қатысуда» атты мақаласы 2016 жылдың 5 сәуірінде № 39 санында жарияланды;

-   ағымдағы жылдың 10-шы сәуірінен 27 мамырына дейін Жамбыл облысының туристік саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқару органдары, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік Палатасы және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесе отырып аудан аралық ақпараттық турлары ұйымдастырылды;

-   2016 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірге «Жамбыл облысындағы балалар – жасөспірімдер туризмінің мәселесі мен дамуы» атты семинар – кеңес өткізілді;

-   үстіміздегі жылдың 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №191 қаулысына сәйкес, облыстың террористік тұрғыдан осал объектілерінің паспортталуы және олардың инженерлік – техникалық нығайтылуына қатысты облыс аумағында орналасқан 6 туристік нысандардың басшыларына, оның ішінде, «Зербұлақ», «Аю тропик» демалыс орталықтары, «Меркі»,  «Т. Рысқұлов» шипажайлары, «Жамбыл», «Тараз» қонақ үйлеріне жоғарыда аталған мәселелерді түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасынан, дін істер басқармасынан және төтенше жағдайлар департаментінен уәкілетті кәсіби бір өкілінің қатысумен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді;

-   2016 жылдың 3 маусымында «Жамбыл облысында туризмді дамытудың перспективалары» атты тақырыбында жиналыс өткізілді. Гид-экскурсовод дайындау және қайта даярлау, Турция , Әзірбайжан және  Қырғызстаннан туристердің келуі, ҚР және ҚХР арасында меморандум аясында Қытайдан  келген туристік топтарға турларды  ұымдастыру мәселері талқылады;

-   2016 жылдың 9 маусымында ҚХР-нан келетін туристерді жоғары деңгейде күтіп алу бойынша облыстық мәдениет басқармасы, ішкі істер департаментінің көші – қон полициясы, ұлттық қауіпсізідік комитеті және туристік операторлар өкілдерінің қатысуымен туроператорларға олардың құқықтарын және шетел туристеріне қызмет көрсету барысындағы құқықтарын және шетел туристерінің біздің территорияда болу кезіндегі құқықтары мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді;

-   2016 жылдың 8-12 маусым аралығында туризм бөлімі Петропавл қаласында өткен аймақтық "Қызылжар. Туризм – 2016" көрмесіне қатыстық.

-   2016 жылдың 17 маусымында «ҰК « Астана ЭКСПО - 2017» АҚ-ң өкілдерімен бірге облыстың туроператорлары мен қонақ үйлеріне туристерді халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту мәселелері бойынша кеңес және b2b кездесулері өткізілді;

-   2016 жылдың 12 шілдесінде облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкенің төрағалығымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасы бойында салынатын ЖСК құрылыстарының мәселелері туралы селекторлық кеңес өткізілді.

-   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында ағымдағы жылдың 23 мен 29 шілде аралығында Қазақстанның әр түкпірінен жиналған, әр-түрлі салада қызмет істейтін 14 қазақстандық азаматтан тұратын экспедиция құрылып, облысымыздың тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық көрнекті жерлеріне барды.

-   Ішкі және сыртқы туризмді дамыту мақсатында 2016 жылдың 30-31 шілдесінде Павлодар қаласында «Туризм PVL - 2016» IV-ші аймақтық көрмесіне қатыстық.

-   2016 жылдың 24 мен 26 тамыз аралығында балалар туризмін дамыту мақсатында облыстағы аудан және Тараз қаласы мектептерінің оқушыларына «Астана-менің Отанымның елордасы» екі күндік тур ұйымдастырылды.

-   Ағымдағы жылдың 5 мен 7–ші қыркүйек аралығында 20 шетелдік туроператорларға, турагенттіктерге және БАҚ – на арналған ақпараттық тур ұйымдастырылды.

-   үстіміздегі жылдың 7-9 қыркүйекте Джакарта қаласында (Индонезия) «Pata Travel Mart» халықаралық туристік көрмеге қатыстық.

-   2016 жылдың 19 қыркүйек күні облыс әкімі К.Н.Көкрекбаевтың төрағалығымен Жамбыл облысында туризм кластерінің дамуы бойынша селекторлық  кеңес өткізілді.

-   2016 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" атты облыстық туристік экспедициясы ұйымдастырылды.

-   Жамбыл облысының туристік әлеуетін жарнамалау мақсатында  2016 жылдың 22- 25 қыркүйек  аралығында Жапония мемлекеті Токио қаласында өткен «Jata» көрмесіне туризм саласында қызмет көрсететін өкілдер қатыстық.

-   Ағымдағы жылдың 24 - 25 қыркүйек аралығында Талас ауданында орналасқан Жұрындысай шатқалында Бүкіләлемдік туризм күніне арналған облыстық күздік туриада өткізілді.

-    «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру бойынша 2016 жылдың 29 қыркүйек күні облыс әкімдігінің қаулысымен аталған мекеме құрылды.

-   2016 жылдың 29 қыркүйек күні облыс әкімі К.Н.Көкрекбаевтың төрағалығымен «Астана ЭКСПО-2017» мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізілді.

-   2016 жылдың 29 -1 қазан аралығында Астана қаласында өткен республикалық халықаралық «Astana Leisure 2016»  туристік көрмеге қатысты.

-   2016 жылдың 4 қазанында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге туристерді тарту бойынша Жамбыл облысының туристік ұйымдарымен кеңес өткізілді.

-   Жамбыл облысының туристік әлеуетін жарнамалау мақсатында 2016 жылдың 6-7 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен «Silk Way Tourism Fair» республикалық туристік жәрмеңкесіне және «Ontustik Tourism - 2016» халықаралық форумына Жамбыл облысының туристік бизнес және қонақ үй өкілдері қатысты.

-   Мәскеу қаласында 2016 жылдың 14 қазан күні өткізілген «Қазақстанның туристік әлеуеті» халықаралық практикалық конференциясына қатыстық.

-   «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізу тиімділігі және ақпараттылығы мақсатында 14 қазанда «Корё» Жамбыл облысы кәрістерінің ассоциациясы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстанды дамыту үшін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу маңызы» тақырыбындағы «Көзқарас» диалогтық алаңына қатыстық. 

2016 жылдың 12-14 қазан аралығында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы жол бойғы сервис кешендері құрылыстары бойынша инвесторлармен кездесу өткізілді.

30.12.2018 22:40