Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Жамбыл облысындағы өнеркәсіп

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

 

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 230 388,1 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0% құрады.

 

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
26 031,0 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,1% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы
11,3% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 170 217,7 млн. теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 73,9%  құрады.

2019 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан. Олар: мұнай өнімдерін өндіру (150,1%), химия өнеркәсібі (119,5%), дайын металл бұйымдарының өндірісі (132,8%) және машина жасау (129,8%).

Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 7 673,1 млн. теңгені құрап, немесе НКИ -150,1% құрады. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 3,3%.

               Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 80 335,9 млн. теңгені құрап немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,5% құрап отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 34,9%.

Дайын металл бұйымдарының өндірісінің көлемі 2 395,3 млн. теңгені құрады, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 132,8% құрады.

Машина жасау саласында өнім көлемі – 4 871,2 млн. теңгені құрады, НКИ – 129,8%. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 2,1%.

Есепті кезеде өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі төмендеген. Олар: тамақ өнімдерін өндіру саласы (88,4%), жеңіл өнеркәсіп (51,2%), басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде (96,2%), металлургия өнеркәсібі  (84,9%).

 

Тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім көлемі 31 459,6 млн. теңгені құрап, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 88,4% құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 13,7%.

Жеңіл өнеркәсіп саласында 1 264,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 51,2% құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 0,5%.

Басқа металл емес минералды өнімнің өндіріс көлемі  17 419,9 млн. теңгені құрап, немесе 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 96,2% құрап отыр. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 7,6%.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 22 616,9 млн. теңгені құрап отыр, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 84,9%. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 9,8%. 

23.09.2019 17:00