Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Жамбыл облысының шағын және орта бизнесі

Жамбыл облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жөнінде 2019 жылдың 1 шілдесіне атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен және облыстық статистика департаментінен жедел түрде алынған мәліметтер бойынша, 2019 жылдың 1-ші шілдесіне облысымызда тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 84 209 бірлік, оның ішінде жұмыс атқарып отырғандарының жалпы саны 69 892 бірлік, үлесі 83% құрап отыр.

Есепті кезеңде, тіркеуге алынған шағын және орта бизнестегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, қолданылатын тұтыну индексіне байланысты 113,2 пайызды құрап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны бүгінгі күнге 119 208 адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,3% құрап отыр.

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 72 960 млн.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0 % құрады.

оның ішінде шағын бизнестегі заңды тұлғалар арқылы 31,9 млрд.теңге, орта бизнес субъектілері арқылы 15,4 млрд. теңге, шаруа қожалықтары арқылы 5,1 млрд. теңге және жеке кәсіпкерлік субъектілері арқылы 20,6 млрд. теңгені құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімде ШОК үлесі 18,8% құрады және республикамыздың өңірлерінің арасында 9 орынды алып отыр.

2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының күшіне енуіне байланысты, статистика департаменті облысымызда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпаратты тоөқсанына бір рет береді, сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өндірген өнімі туралы және олардағы жұмыспен қамтылғандар саны туралы ақпарат 2019 жылдың бірніші тоқсанының қорытындысы бойынша ұсынылып отыр. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ақпарат 2019 ж. қазан айында ұсынылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2019 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 21612,3 млн.теңге несие берілген (2018 жылдың тиісті кезеңінде 14 093,6 млн. теңгеге несие берілген).

«KMF» микронесиелік ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы арқылы 2019 жылдың басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне жалпы сомасы 12 497,0 миллион теңгені құрайтын 22 685 несие берілді.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қаржылай көмек көрсету мақсатында, облысымызда

құрылған ауылдық несиелік серіктестіктері тарапынан, 2019 жылы аудандардағы шаруа қожалықтарына 2 352,9 млн. теңгенің несие қаражаты берілген.

Облыста кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдері, жұмыс, қызметтен халықаралық сапа стандарттарына (ISO-9000, ISO-14000 және басқалары) көшіру бойынша біршама жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылдың 1 шілдесіне облысымызда ИСО жүйесі 1114 кәсіпорында және мекемелерде енгізілді, оның ішінде 2019 жылы 49 кәсіпорында.

23.09.2019 16:29