Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Туризм

 Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік

және индустриалды-инновациялық дамыту

басқармасы басшысының 2015 жылғы

10 наурыздағы №34-ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Туризм бөлімі туралы

ережесіне толықтырулар 

2. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң негiзгi мiндеттерi,

функциялары мен құқықтары

 

Туризм бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметі бойынша негізгі мақсаттары:

11) көрсететін мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру;

 

         5. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімше мынадай функцияларды жүзеге асырады:

        

         14) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

         заңнаманы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін  мемлекеттік қызметті анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне заңнамаға мониторинг;

         мемлекеттік  (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

         ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету  процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік  (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу;

 

қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6. Құрылымдық  бөлімше:

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.

7.   Құрылымдық  бөлімшелердің негізгі міндеттері

мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік  (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады


Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік

және индустриалды-инновациялық дамыту

басқармасы басшысының 2014 жылғы

18 тамыздағы №58-ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Туризм бөлімі туралы ереже 

 

1.   Жалпы ережелер

 

         1. Туризм бөлімі (әрі қарай - бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды- инновациялық дамыту басқармасы (әрі қарай - Басқарма) құрылымдық бөлiмi болып табылады.

         2. Бөлім өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

         3. Бөлімнің құрылымын, штат санын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның уәкiлеттi лауазымды адамы бекiтедi.

 

 

2. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң негiзгi мiндеттерi,

функциялары мен құқықтары

 

         4. Мiндетi: Бөлімнің негізгі міндеті туризм саласы бойынша мемлекеттік саясатта іске асыру және дамыту болып табылады.

Функциялары: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады.

2) Туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру, «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес облыстың аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады.

3) Туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді.

4) Өңiрлiк туризмдi дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған iс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады, облыстың аумағында: туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне;  туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қажеттi ақпаратты қалыптастырады және уәкiлеттi органға тоқсан сайын бередi.

5) Туристiк қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және облыстың аумағында туризмнiң дамуы туралы қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi органға табыс етедi.

6) Облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi, облыстың аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi.

7) Балалар мен жастар лагерлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсетедi туристiк қызмет субъектiлерiне туристiк қызметтi ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретiнде туристiк қызмет саласындағы кәсiпкерлiктi дамытады және қолдайды.

8) Туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi мен туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты» береді, мемлекеттік қызметті көрсетеді, туристiк ақпарат орталығын құруға облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыныс енгізеді.

9) Кәсіпкерлердің қаржылық қолдау бағдарламасын жасауға және іске асыруға қатысады.

10) Туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында іс-шаралар өткізу (бизнес-форумдар, көрмелер, конкурстар) және басқа аймақтарда, республика көлемінде өтетін іс-шараларға қатысуларына ықпал жасайды.

11) Өз құзіреті шегінде Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

 

5. Құқығы және мiндеттерi: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

         мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

3. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру

 

         6. Туризм бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

         7. Туризм бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басқарма басшысы басқарады.

         8. Туризм бөлімінің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқарманың құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

         9. Бөлім  басшысы бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындап, Басқарма басшысына ұсыныс береді.

10. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелері бойынша ақпараттар мен есептердің дер кезінде әзірленуін қадағалап, жіберілуін қамтамасыз етеді;

11. Бөлімге берілген материалдық жабдықтардың сақталуына жауап береді.

 

 

 

30.12.2018 22:40