Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Сауда

Сауда – республиканың экономикалық қызметінің бірден-бір ірі саласы және оның дамуы – экономиканың табысты жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі.

Қазіргі заманғы сауда механизмі – бұл басқару мен бөлудің күрделі және көп құрылымды құралы болып табылады.

Сауда – сұраныс пен ұсыныстың қажетті пропорцияларын қамтамасыз ететін, осы негізде тұтыну көлемі мен құрылымын қалыптастыратын тауар рыногының элементі.

Инфляция

2017 жылдың қыркүйек айында өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда тұтыну бағаларының индексі облыс бойынша 4,2 пайызды құрады (республика бойынша – 4,2%), оның ішінде азық-түлік тауарлары – 2,1% (ҚР – 3,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2% (ҚР – 5,5%), ақылы қызметтер – 5,7% (ҚР – 4,3%).

Тауар айналымы

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда айланымының көлемі 173,0 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 109,1%-ды құрады.

Жыл басынан бері жеке меншік нысандағы кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарда сататындардың тауарларын бөлшек саудада сату айналымы 162,4 млрд. теңге (жалпы бөлшек сауда көлемінің 93,9%), шетелдік меншік нысанындағылардікі – 10,6 млрд. теңге (6,1%) болды.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 40,1% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 59,9%. 2016 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейімен салыстырғанда азық-түлік тауарларын сату көлемі 2,6%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 13,4%-ға көбейді.

Облыстың көтерме саудасы ағымды жылдың басынан бері 121,6 млрд. теңге болып, 2016 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 90,0%-ды құрады.

Сыртқы сауда айналымы

Облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен астамға өсіп, 748,4 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 9 есеге өсіп, 511,0 млн. АҚШ доллары, импорт – 55,1%-ға артып, 237,4 млн. АҚШ доллары болды.

2017 жылғы қаңтар-тамызда облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 118,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7%-ға артқан, оның ішінде экспорт – 32,1 млн. АҚШ доллары (14,6%-ға өсті), импорт – 86,5 млн. АҚШ доллары (44,0%-ға көбейді).

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тауарларға бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.

Атап айтқанда, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге бағаларды тұрақтандыру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін облыстық штаб құрылған.

Штабтың құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, қаржы құрылымдарының, кәсіпкерлердің облыстық палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары кірген.

Осындай штабтар аудандық әкімдіктер деңгейінде де жұмыс істеуде.

Бағаларды негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, сондай-ақ, ақылы қызметтердің бағаларына апта сайынғы негізде мониторинг жүргізіледі.

Сауда нүктелерін халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ететін тауар өндірушілер және тауарларды көтерме жеткізушілер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағаларды негізсіз көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы ескертілуде.

Басқармада «жедел желі» («горячая линия») жұмыс істеуде. Телефон арқылы қала тұрғындарынан бағаның негізсіз қымбаттағаны туралы түскен арыз-шағымдар бойынша дер кезінде шаралар қолданылады: бағаның көтерілу себебі анықталады, сондай-ақ сауда нүктелері басшыларымен бағаны негізсіз өсірмеу туралы келіcсөздер жүргізілуде.

Арадағы алып-сатарларды болдырмау және сауда үстемесін азайту мақсатында тауар өндірушілермен және оларды көтерме жеткізушілермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны көтермеуге мораторий жариялау туралы меморандумдар жасалуда. Биылғы жылы 808 меморандумға қол қойылды.

Облыста сауданың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, сатып алушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы сауда-технологиялық құралдармен жабдықталған жетілдірілген сауда құрылымын құру жөніндегі шаралар өткізуге, арнайы және әмбебап бағыттағы сауда кешендері желісін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.

Бүгінгі күнге облыста 40 сауда базарлары жұмыс істеуде, оның 15-і Тараз қаласында орналасқан.

Жамбыл облысындағы сауда базарларының тізімі

2017 жылдың 1 қазанына

Сауда базарының

атауы

Мекен-жайы

Тараз қаласы

1

«Сұңқар-2002» ЖШС, «Облыстық орталық базар»

Асқаров көшесі, 300

2

«Атакент Азия Development» ЖШС, «Атакент-Тараз» сауда орталығы

«Бәйтерек» мөлтек ауданы, Тәуке хан көшесі, 24

3

«Қайқармет» сауда базары

«Аса» (10) мөлтек ауданы

4

«Бек» сауда базары

Мамбет батыр көшесі, 2 «к»

5

«Ысты» шағын базары

«Қаратау» (2) мөлтек ауданы

6

«Нұралы» базары

Сәтпаев көшесі, 5 «а»

7

«Дәулет» шағын базары

Әйтеке би көшесі, 8

8

«Ақбұлақ» ЖШС, «Ақбұлақ» базары

Майлин-Рысқұлов көшелерінің қиылысы

9

«Салтанат» шағын базары

«Салтанат» мөлтек ауданы

10

«Достық» шағын құрылыс базары

Қазыбек би көшесінің

4-бұрылысы, 14

11

«Жібек жолы» базары

Саңырақ батыр көшесі,

31 «а»

12

«Авто-Тауар» шағын базары

Бөлтірік шешен көшесі,

2 «а»

13

«Ауыл-Береке» базары

Мамбет батыра, 2 «л»

14

«Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС, коммуналдық базар

Жамбыл даңғылы,18 «д»

15

«Мыңбұлақ» сауда орталығы

«Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданы, 52 «б»

Жамбыл ауданы

16

Көлік базары

Қаратөбе ауылдық округі

17

ТОО «АС-ЕР» Мал базары

Тараз-Аса тас жолы

Жуалы ауданы

18

«Айдана» базары

Б.Момышұлы ауылы, Б.Үсенов көшесі, 7 «а»

19

«Мұсатай» базары

Б.Момышұлы ауылы, Базар көшесі, 7

20

«Саду» мал базары

Б.Момышұлы ауылы, Жібек жолы көшесі, 9 «а»

Қордай ауданы

21

«Үсен ұлы» ЖШС

Қордай ауылы, Жамбыл көшесі, 1

22

«Бауырхан» сауда орталығы

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 195

23

«Кордай БН-Инвест» ЖШС, «Барыс 2»

Қордай ауылы, Қордай-Шу трассасының 2-ші километрі

24

«Дастай-ата» шағын базары

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 210 А

Меркі ауданы

25

«Меркі орталық базары» ЖШС

Меркі ауылы, Торғаев көшесі, 2 «а»

26

«Хан базары» ЖШС

Меркі ауылы, Торғаев көшесі, 4

27

«Атабек мал базары» ЖШС

Жамбыл ауылы, Смағұлов көшесі, 1

Т.Рысқұлов ауданы

28

«Ақыртөбе мал базары»

Ақыртөбе ауылы

29

«Тас» шағын базары

Құлан ауылы

30

«Құлан шикізат» ЖШС, мал базары

Құлан ауылы

31

Құлан құрылыс базары

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі

32

Құлан орталық базары

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі

Сарысу ауданы

33

Орталық базар

Жаңатас қаласы, 1 мөлтек аудан, 49-үй

Талас ауданы

34

«Нұргелді» базары

Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 6 «а»

35

«Орталық базар»

Қаратау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 32

36

«Орталық базар» (жабық, крытый)

Қаратау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 32

37

«Мал базары»

Қаратау қаласы, Флора

Шу ауданы

38

«Сауда-Сервис» ЖШС, әмбебеп

Шу қаласы, Красноармейская көшесі, 25 «а»

39

«ПТБ «Сауда-Әлемі» ЖШС

Шу қаласы, Сәтпаев-Түйебеков көшесі, 81

40

Жеке кәсіпкер «Байжанов», мал базары

Шу қаласы, Бурылбайтал тас жолы

11.01.2019 17:19