Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

БЖЗҚ жаңалықтары


                                                                                                           АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

                                                                                                               2019 жылғы  11 қазан

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды

 

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». 

Мектепті өткізудегі мақсат – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің, блогерлердің және журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкілдерінің  олармен кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшін Қор сайты және басқа да ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестер беріледі.

Аталмыш шара осымен төртінші жыл өткізіліп жатыр. Бұған дейін ол негізінен Алматы қаласында өткізіліп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).




                                                                                                                 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

                                                                                                                      2019 жылғы 11 қазан

БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр

 

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді

 

             Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.           

             «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады.

             Еске саламыз, бұған дейін «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтері Қазпоштаның 94 елдімекендегі бөлімшелерінде қолжетімді болатын. Енді олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлімшесі қосылды. Осылайша бөлімшелердің жалпы саны 220-ға жетті.

      Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді ала алады:

·        салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

·        хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

             Атап өту керек, 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретілетін қызметтерімен қамту деңгейі 102 пайызға дейін өсті.

             Зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдімекендерінде көрсетіліп жатыр. Елдімекендердің толық тізімін Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.    

 

         БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).



 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 02 қазан

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

 

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті. Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттың қажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды 

 

2018 жылғы табыстылық бойынша негізгі көрсеткіштер

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы активтері (ол зейнетақы жарналарын, зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін табысты қамтиды және салымшылар мен алушылардың меншігі болып табылады) мен меншікті активтер (ол инвестициялық қызмет, БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі, меншікті операциялық шығындары және қызметтерді одан әрі дамытуға қатысты барлық шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған) бөлек есепке алынады.  

Салымшылардың зейнетақы активтері бойынша: 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте табыстылық 11,27 пайызды көрсетсе, инфляция деңгейі 5,3 пайыз болды. Осылайша 2018 жылы зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 5,97 пайызға жетті.     

БЖЗҚ меншікті активтері бойынша: 2018 жылы салық салынғаннан кейінгі таза пайда 41,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 8,6 млрд теңге көлемінде пайда салығы төленді.   

БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері, зейнетақы активтерін басқару туралы ақпарат enpf.kz сайтына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

 

БЖЗҚ 2018 жылғы комиссиялық сыйақысы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 53-бабына сәйкес БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленген.

Сыйақының БЖЗҚ үшін жыл сайынғы нақты шамасы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі. 2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткіштер 2014 жылдан бері бірнеше рет кезең-кезеңмен қысқартылды, сөйтіп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шекті шамасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%), ал зейнетақы активтерінің шекті шамасынан 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) қысқарды. Ұлттық Банк комиссиялық сыйақының көлемін одан әрі азайтуды қарастырып жатыр.  

БЖЗҚ заңға сәйкес комиссиялық сыйақының екі түрін де алады, сөйтіп барлық шығындарды, олардың ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншікті капиталының өсімі және меншікті активтерді инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.  

 

БЖЗҚ-ның 2018 жылғы әкімшілік шығындары

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы әкімшілік шығындары – 4,3 млрд теңге, қызметкерлер құрамына жұмсалған шығындары – 7,9 млрд теңгені құрады. Бұл шығындар заңнамада көрсетілген барлық төлемдерді, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қамтиды. Қордың 2018 жылғы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес жасалған.

Бұдан басқа, БЖЗҚ әкімшілік шығындарға жатпайтын шығындарды өтеді. Бұл зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және кастодиан банктің қызметтері бойынша шығындар. 2018 жылы мұндай шығындардың жалпы сомасы шамамен 8,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сенімгер басқарушыға төленетін комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы елеулі түрде қысқарды (2017 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарған).  

  Тәуелсіз аудитор – Deloitte» компаниясы куәландырған толыққанды аудиттелген есептілік Қор сайтының «Көрсеткіштер» - «Жылдық аудиторлық есеп» бөліміне орналастырылған.   

 

Жалпы әкімшілік шығындар

2018 жылдың қорытындысы бойынша әзірленген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Қордың жалпы әкімшілік шығындары 2018 жылы 4,3 млрд теңгені құрады.

Бұл сома мынадай шығыс баптарын қамтиды:

– негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы (1,16 млрд теңге);

        – операциялық жалдау (783 млн теңге ). 2018 жылы бүкіл республика бойынша Қордың 231 қызмет көрсету кеңселері жұмыс істеді. Өткен жылы Қордың өңірлік кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 5,3 млн астам операция орындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері электрондық қызметтердің өсуі және операциялық бөлімшелерге түсетін жүктеменің азаюына байланысты қызмет көрсету кеңселерінің саны 215-ке дейін қысқартылды;

        ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерге кеткен шығындар

(391,0 млн теңге), оған зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде деректер алмасу үшін байланыс арналарын жалға алу төлемі, интернетке қол жеткізуге арналған байланыс арналарын жалға алу, мобильдік кеңселердің жұмыс істеуіне арналған телефон және жерсеріктік байланыс қызметтері кіреді; 

        ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары (277 млн теңге). Қор алдында халық

арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша стратегиялық міндет тұр. Ол азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижесі,  зейнетақы жарналарын төлеу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұдан басқа салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушыларды қызықтыратын маңызды ақпараттар жариялау. 2018 жыл барысында республикалық және облыстық газеттерде, интернет-порталдар мен телеарналарда шамамен 30 мың материал жарияланды;

– пошталық шығындар (256 млн теңге), олар жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы салымшыларға жыл сайын хабар беру қызметіне төленеді;

  – бағдарламалық жасақтаманы қолдау және оны дамытуға кеткен шығындар

(225 млн теңге). Еске саламыз, БЖЗҚ 10 млн-нан астам шоттағы жинақтардың есебін жүргізеді. Қордың көрсететін қызметтерінің 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Ал бұл ақпараттық жүйені тұрақты дамытуды және дерекқордың қауіпсіздігін және құпиялылылғын қамтамасыз етуді талап етеді;

      – негізгі құралдарды жөндеу және пайдалану (151 млн теңге); 

 коммуналдық қызметтер (123 млн теңге);

      – операциялық қызметтер бойынша автокөліктерді жалға алу барлық өңірлік филиалдар және орталық аппарат бойынша, оның ішінде салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету үшін еліміздің шалғай аудандарына баратын мобильдік кеңселерге кеткен шығындар (95 млн теңге).

 

Еңбекақы қорына қатысты шығындар

2019 жылдың 1 қаңтарынан бері қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1735 адамға (12,4 пайызға) дейін қысқарды. Барлығы 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 2302 адамнан 1735 адамға дейін немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше 2017-2018 жылдары қызметкерлер құрамына қатысты шығын 13 пайызға төмендеді.

Осылайша қызметкерлер құрамы мен еңбекақы төлеу қоры БЖЗҚ-ның бизнес-үдерістерді оңтайландыру, қызметтерді автоматтандырып, электрондық форматқа ауыстыру, операциялық бөлімшелерді оңтайландыру, еңбек өнімділігі мен жұмыскерлердің тиімділігін арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында елеулі түрде қысқартылды.    

Қор қызметкерлері жалақысының көлемі олардың лауазымы, біліктілігі, қызметтік міндеті және жауапкершілігіне сәйкес тағайындалады. БЖЗҚ-да орташа жалақы көлемі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемінен жоғары емес. Жұмыскерлерге жұмыс нәтижесі бойынша төленетін сыйлықақыны ескеретін болсақ, БЖЗҚ-дағы жалақы деңгейі қаржы саласындағы орташа атаулы жалақыға жақындатылған, бірақ одан 25 пайызға төмен.

Бұл ретте Қорда білікті мамандардың жұмыс істейтіндігін ескерген жөн. Қызметкерлердің 95 пайыздан астамы жоғары білімді және негізінен экономика, қаржы, заңтану, естептегіш техникалар, ақпараттық техникалар, аудит, қаржылық талдау және тәуекелдерді басқару салалары бойынша маманданған. Жұмыскерлердің басым бөлігінің БЖЗҚ-дағы еңбек өтілі 3 жылдан 10 жылға дейін. Сондай-ақ қосымша арнайы дайындықтары және біліктілік сертификаттары бар.   

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шартын анықтау және Басқарма жетекшісі мен мүшелеріне сыйлықақы беру Директорлар кеңесінің құзырлығына жатады. 2018 жылы еңбекақы төлеу шарты мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін басқа да қаржылық ұйымдар мен компаниялардағы сыйақы төлеу деңгейімен салыстырымды болған.          

 

БЖЗҚ дамыту бойынша стратегиялық міндеттер

 

Электрондық қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді және жергілікті халыққа барлық қолжетімді зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Күн сайын Қор кеңселерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Бұл ретте БЖЗҚ жоғары технологиялық ұйым ретінде дамып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтердің шамамен 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі мен атқарылатын міндеттер артып жатыр. Соған қарамастан 2017 жылдан 2019 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 567 бірлікке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше екі жыл ішінде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қордың қызметкерлерге жұмсаған шығындары, сондай-ақ операциялық жалға алу, іс-сапарлық шығындары 2016 жылмен салыстырғанда  2 млрд астам теңгені құрады.

Қызметті автоматтандыру, электрондық қызметтерді дамыту, операциялық бөлімшелердің бір бөлігін қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру негізінде қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, Қор жұмысының тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

 

Проблемалық зейнетақы активтерін қайтару    

БЖЗҚ проблемалық активтерді қайтару бойынша күрделі және маңызды жұмыстарды жүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан мұра болып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда және басқа да шетелдік юрисдикцияларда оңалту, эмитенттердің банкротқа ұшырауы рәсімдері және сот талқылаулары жүріп жатыр. Берешектерін азаматтық тәртіпте қайтарудың барлық мүмкіндіктері таусылған эмитенттердің ісі қылмыстық-құқықтық арнаға аударылды.

   БЖЗҚ-ның проблемалық зейнетақы активтерін қайтару бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары мүдделі тұлғалар, проблемалық компаниялардың жекелеген акционерлері тарапынан наразылық және белгілі бір қарсылық тудырады. Қазір Қорға қарсы жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар  және жалпыға қолжетімді мәліметтердің бұрмаланып түсіндірілуі осыған байланысты болуы мүмкін.        

БЖЗҚ Ұлттық Банк және Үкіметпен бірлесе отырып, алдына қойылған стратегиялық міндеттерді орындауды одан әрі жалғастырады. Бұл ретте Қор салымшылардың қаражатын қайтаруға және зейнетақы активтеріне келтірілген залалға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуға ниетті.

Сенімділік, тұтынушыны бағдар тұту және қызметтің ашықтығы – Қордың басты құндылықтары және қызмет ету қағидалары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі бойынша шынайы ақпарат және түсініктемелер алу қажет болған жағдайда қалаған уақытта Қорға жүгінуге немесе БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға болады. Қордың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде қаржы есептілігі, проблемалық активтерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер, зейнетақы активтерін басқару туралы деректер enpf.kz сайтында орналдастырылған, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске тұрақты түрде ұсынылып отырады. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.   

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.   

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегідей Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алынады. 

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.   

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажеті жоқ. 

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту

 

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот  – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.   

МЗЖ есебінен ашылған шоттардың ішінде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлік жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендерді есепке алмағанда) қызметтегі салымшыларға тиесілі. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келеді. Бұған қарап, елімізде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық дерлік қамтылған деп тұжырым жасауға болады.   

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарна болса да аударатын белсенді салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын. 

Бүгінде белсенді салымшылардың үлесі әлеуетті салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үші) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына – 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына – 6 жарнадан 12 жарнаға дейін түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бір салымшының шотына орта есеппен – 9 жарна келіп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсенді салымшылардың үлесі шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдеріне (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдері) байланысты. 

Негізі салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі (МЗЖ-ның аударылу кезеңі және жиілігі) аясында қараған жөн. Өйткені МЗЖ осы айлық табыс есебінен аударылады.  

Елімізде салымшылардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын енді-енді қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысу өтілі 5 жылға жетпейді. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан жоғары, бірақ 10 жылға жетпейтіндігін айта кеткен жөн.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғалы бері міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде – 5,1 млн теңге, әйелдерде – 3,9 млн теңге болды.   

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 18 шілде

 

Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері

 

«БЖЗҚ» зейнетақы шотынан үзінді кѳшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады.

Электрондық тәсілдің бірнеше нұскасы бар:

-     БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша Yзінді кѳшірмені электрондық пошта аркылы ѳзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;

-     электрондық цифрлык колтаңба немесе логин мен кұпиясѳзді қолдана отырып, қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;

-    электрондық цифрлык колтаңбаның кѳмегімен электрондық Yкімет порталының Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді кѳшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі. egov.kz электрондық Yкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік камтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бѳлімінде кажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.

Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді кѳшірме оған қор кеңсесіне ѳздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін ѳзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін қор мамандары ЖСН мен кұпиясѳздің кѳмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге кѳмектеседі.

Егер электрондық цифрлык колтаңбаның (ЭЦК) ѳзекті кілті болса, қор кеңсесіне келмей-ак, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан акпарат алу тәсілін таңдауга және ѳзгертуге болады. Сондай-ақ қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың кѳлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз.

ЭЦҚ жэне ЖСН мен құпиясѳзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android жэне IOS базасында жумыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктей аласыз. Ол қазақ жэне орыс тілдерінде жумыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі ѳзгерістерді білуге, қордың жергілікті кеңселерінің мекен-жайларын кѳруге және қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға ѳздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында ѳте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша Yзінді кѳшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай ѳзгерген жағдайда бұл туралы қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинактарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен катар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да Yзінді кѳшірме жібермейді.

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасѳз орталыгы БАҚ, 

үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 10 шілде

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты

 

Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) деген сенім деңгейі айқындалды.         

Зерттеу қорытындысы бойынша:

        бір жыл ішінде Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейін өсті;

        бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейін өсті;

        жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткіш 58,2 пайыз болған).          

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдісі бойынша жүргізілді.  

Халықтың отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін анықтау аясында сауалнамаға қатысушыларға сенім деңгейін он баллдық шәкіл бойынша бағалау ұсынылды. Мұнда «10» саны – толық сенімді, ал «1» - зейнетақы жүйесіне мүлдем сенбеушілікті білдіреді.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 6,3 балл деңгейінде қалыптасты.  Жалпы БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейінің көрсеткіші Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің көрсеткішімен тығыз байланысты. БЖЗҚ шын мәнінде қазіргі зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және сауалға жауап берушілердің көпшілігі Қорды жүйе жұмысын жүзеге асыру құралы ретінде қарайды. Соған қарамастан, сұхбат берушілердің БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама Қорға деген сенім деңгейінің, аз да болса, Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің жиынтық көрсеткішінен жоғары екендігін көрсетті.

БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 6,4 балл болды.

Облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар тұрғысынан алып қарағанда зейнетақы жүйесіне ең көп сенім білдіргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы және Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды. Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттері Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне аз сенім білдіретіндер болып шықты.

Егер қала және ауыл тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін салыстырып қарайтын болсақ, онда Қазақстанның 10 облысында (14 облыстың ішінде) бұл көрсеткіш қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары тарапынан жоғары. Ауыл халқының сенім деңгейінің орташа көрсеткіші – 6,4 балл болса, ал қала тұрғындарына қатысты көрсеткіш  – 6,09 балл.

Тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметі аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негізі зейнетақы болады деген пікірмен келіседі. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (сауалнамаға жауап бергендердің 44,9 пайызы) өздерінің қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі Қордан төленетін зейнетақы жинақтары болады деген сенімде. Ал сауалнамаға жауап берушілердің 33,4 пайызы мемлекеттен төленетін зейнетақыға үміт артады. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысушылардың пікіріне сүйенсек, болашақ қаржылық әл-ауқаттың тағы бір үшінші негізі – кәсіпкерлік. Яғни, жауап берушілердің 9,1 пайызы өз бизнесіне үміт артады. Мұндай жауапты негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен өз бизнесін басқарып жүргендер беріп отыр.     

Сауалнама нәтижесі жауап берушілердің басым бөлігі БЖЗҚ-ның рөлі мен оның жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін маңыздылығы туралы хабардар екендігін көрсетті. Бұл ретте респонденттердің басым бөлігі БЖЗҚ-ның негізгі атқаратын қызметін жақсы біледі. Демек бұл олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінде Қордың атқаратын рөлін жақсы түсінетіндігін көрсетеді. Жауап берушілер үшін Қор – оның кеңселері мен ресми сайты – жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша негізгі ақпарат көзі екендігі сөзсіз үлкен маңызға ие.

Зерттеу барысында тұрғындарға қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар анықталды. Мысалы, олар ерікті зейнетақы жарналары мен бірыңғай жиынтық төлем аясында төленетін міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері мен оларды төлеу шарты, инвестициялық басқару және зейнетақы активтеріне есептелетін инвестициялық табыстың қалыптасу қағидалары секілді сұрақтар. Бұдан басқа, республикалық және жергілікті телеарналарды ақпарат беру арналары ретінде қолдану, сондай-ақ ақпаратты халыққа ұялы қосымша мен дербес кеңес беру арқылы жеткізу бойынша ұсыныстар берілді.    

Зерттеу тұжырымдары Қорға деген сенімді одан әрі нығайту және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 28 маусым

 

БЖЗҚ бұрын ұсталған жеке табыс салығының қайтарылуы туралы хабарлайды

 

«БЖЗҚ» 2018 жылдың 1 каңтары мен 2019 жылдьң 14 сәуірі аралығында жеке табыс салығын (ЖТС) ұстай отырып БЖЗҚ-дан зейнетақы тѳлемдері тѳленген, табысты түзeтy немесе салық шегерімін қолдануға құқығы бар зейнетақы тѳлемдерін алушыларға қайта есептеу жүргізіліп, оларға бұрын ұсталған ЖТС қайтарылып жатқандығын тағы да ескертеді. Бұған негіз болатын кұжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI Заңы. Оның нормалары 2018 жылдың 1 каңтарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

Осыған байланысты БЖЗҚ мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушыларға бағытталған хабарлау науқанын жүргізyде. Ѳйткені Қор олардың жоғарыда аталған санатқа жататындығы туралы ақпаратқа ие.

Қор ұсталған ЖТС-тың ѳтелетіндігі туралы хабарламаны алушыларға мынадай әдіспен жібереді:

1)    зейнетақы тѳлемдерін алушылардың ұялы телефондарына SMS-жіберілім жолдау (егер телефон нѳмірі тѳлемді тағайындау туралы ѳтініште кѳрсетілген болса);

2)   электрондық пошта мекенжайына (электрондық пошта зейнетақы тағайындау туралы ѳтініште кѳрсетілген болса);

3)    пуш-хабарлама (зейнетақы шоты бойынша ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған болса).

Салық шегеріміне құқығы бар зейнетақы тѳлемдерін алушылар ұсталған ЖТС-ты қайтару үшін Қорға мынадай құжаттар ұсынады: табысты түзетyді немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың кѳшірмесі (жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушылар мен мүгедектерді қоспағанда, себебі БЖЗҚ бұған дейін жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушылардан қорда зейнетақы жинақтары бар салымшының қайтыс болғаны туралы куәлік алған және мүгедектердің орталықтандырылған базасына кол жеткізу құқығына ие); табысты түзетyді немесе салық шегерімін колдану жѳніндегі ѳтініш (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемді тѳлеу жѳніндегі ѳтініш те бар).

Ұсталынған жеке табыс салығының ѳтелуіне қатысты құқық зейнетақы тѳлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында кѳрсетілген шекте табысты түзетyді немесе салық шегерімін пайдаланбаған тұлғаларға таратылады.

Зейнетақы тѳлемдерін алушылар ѳтірік ақпарат бергені және Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заң алдында жауап береді.

Табысты түзетyге немесе салық шегеріміне құқығы бар жеке тұлғалардың тізімі БЖЗҚ www.enpf.kz сайтында («Қызметтер»/Алушыларға/Зейнетақы тѳлемдеріне салық салу тәртібі бѳлімінде) кѳрсетілген. Толык акпаратты 1418 тегін нѳмірі, сондай-ак қор кеңселері мен сайты арқылы алуға болады.

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасѳз орталыгы БАҚ, 

үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 27 маусым

 

2019 жылдың 1 маусымына карай БЖЗҚ-ның негізгі кѳрсеткіштері

 

 

Зейнетақы активтері табыстылығының жылдық кѳрсеткіші инфляция деңгейінен екі есе жоғары.

2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 517 млрд теңгеге немесе 6 пайызға ѳсті. 2018 жылдың 1 маусымынан бері бұл сома 1,6 трлн теңгеге немесе 20 пайызға ұлғайды. Бұл ретте биылғы жылдың 5 айы ішінде зейнетақы жинактарының міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан негізгі Yлесі 5 пайызға немесе 497 млрд теңгеге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан үлесі 10 пайызға немесе 19 млрд теңгеге артты.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны соңғы 12 айда 3 пайызға немесе 304 мың бірлікке артып, 1 маусымға қарай 10,5 млн бірлікті құрады. Оның 95 пайызы (9,9 млн) - міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттар. Бұлардың ішінде 0,4 млн шоттың иелері - алушылар, яғни, зейнеткерлік жасқа толғандар немесе заңнамада кѳрсетілген себептерге сәйкес зейнет жасына жетпестен зейнетақы тағайындауға ѳтініш бергендер.

2019 жылдың 5 айы ішінде зейнетақы тѳлемдері 93,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты тѳлемдер - 37,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар - 25,2 млрд теңге. Салыстырып қарайтын болсақ, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде қордан 92 млрд теңге тѳленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар - 7 млрд теңгені құрады.

Ай сайынғы кесте бойынша зейнетақы тѳлемдерінің орташа сомасы 20 897 теңге, ал ең жоғары сомасы - 514 666 теңге.

Жыл басынан бері салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялык табыс сомасы 227 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 5 ай ішінде - 2,37 пайыз, ал инфляция - 2,4 пайыз болды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 маусымына карай активтердің жылдық табыстылығы 10,6 пайызды, осы кезеңдегі инфляция 5,3 пайызды кѳрсетті. Яғни, табыстылыктың жылдық кѳрсеткіші инфляция деңгейінен екі есе жоғары.

Қор ѳз салымшыларына сапалы қызмет кѳрсетуге ерекше кѳңіл бѳледі. Ағымдағы жылдың каңтар-мамыр айлары аралығында кеңселерде және электронды түрде кѳрсетілген кызметтердің жалпы саны шамамен 8 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 74 мың қызмет - кәсіпорындар мен ұйымдарға және үйлерге барып кѳрсетілді. Қор кеңселерінде жүзеге асырылған қызметтер саны - шамамен 1,5 млн, ал электрондық форматта - 6,2 млн бірлікке жетті.

Акпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында 13 мыңнан астам кѳшпелі таныстырылымдық шаралар ѳткізіліп, оған шамамен 400 мың адам қатысты.

Кері байланыс арналары арқылы салымшылар мен алушылардың 250 мыңнан астам ѳтініші ѳңделді.

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасѳз орталыгы БАҚ, ушін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


2019 жылғы 21 маусым

«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті       

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.     

Бұл жолғы шараның жаңашылдығы мен артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер берді. Олар:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

- «Nur Otan» партиясының өкілдері;

- «Казпошта АҚ»

Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – салымшыларға зейнетақы және әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және тұрғындар арасында ең сұранысқа ие қызметтерді бір жерде көрсету.

Шара барысында азаматтарды бірінші кезекте зейнетақының неден құралатындығы қызықтырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері базалық және ортақ зейнетақы, ал Қор мамандары өз кезегінде зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы бөлігі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар шара барысында әлеуметтік сақтандыру туралы да сұрақтар қойылды. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ қызметкерлері жұмыс берушілер үшін мұның міндетті екендігін еске салды.

Бала күтімімен декреттік демалыста жүрген әйелдер үшін бюджеттен міндетті зейнетақы жарналары бойынша қосымша көмекқаржы бөлінетіндігінен әйелдердің көпшілігі бейхабар болып шықты. Еске сала кетелік, жұмыс істейтін әйелдердің Қордағы жеке зейнетақы шотына баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан міндетті зейнетақы жарналары аударылып отырады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Аталмыш шара «БЖЗҚ» АҚ-ң Жамбыл облыстық филиалында жоғары деңгейде өтті. Келушілер көп болды және олар зейнетақы жүйесінің жұмысына үлкен  қызығушылық танытты. 

«Ашық есік күні» шарасының соңында қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыруға мүмкіндік алды.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Баспасөз аңдатпасы

 БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2019 жылдың 21 маусымында өзінің барлық филиалында кезекті Ашық есік күнін өткізеді. 

Бұл жолғы шараның артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер береді.

Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсат – салымшыларға зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және ең керекті қызметтерді бір жерде көрсету.

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;   

- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

- «Қазпошта» АҚ;

- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.

 

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері туралы толық ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінен алуға болады.

         Аталмыш шара  Тараз қаласы Қазыбек би, 177  мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында 10:00  мен 17:00  аралығында өткізіледі.          

         БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

 

           2019 жылдың 21 маусымында  сағат  10:00 - да Тараз қаласы Қазыбек би, 177   мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-нан17:00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді. Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады.    

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;   

- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

- «Қазпошта» АҚ;

- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.

 

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.   

Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Тараз қаласы Қазыбек би, 177  мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында 10:00  мен 17:00  аралығында өткізіледі.



«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

 

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кеңес беру қызметтерінің барлық түрі  

 

        2019 жылдың 21 маусымында  сағат  10:00  мен 17:00  аралығында Тараз қаласы Қазыбек би, 177   мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

       Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары

тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдерімен бірлесе отырып, келушілерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік бағдарламалар және басқа да тақырыптар бойынша ақпарат ұсынады және ақыл-кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

 

      «БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық келем деуші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді.



2019 жылғы «13» мамыр

Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады

 

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.

Қазір «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

 

Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. «Қазпошта» АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

                                     

2019 жылғы «02» мамыр

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

 

         Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.     

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

•        табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;

•        табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  29.04.2019 ж.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

 

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.   

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.   

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты. 

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

-         бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 млрд теңге;

-         бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;

-         шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;

-         сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;

-         басқа да шығындар 2,37 млрд теңгені құрады.

 

 

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның ішінде теңгеге номинирленгендері бойынша орташа табыстылық – жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада – жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарай теңгеге  номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.  

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 1 506,00 млрд теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі 15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңде жалпы сомасы 158,97 млрд теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 67,61 пайыз, АҚШ долларында – 31,97 пайыз, басқа валюталарда – 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

2019 жылғы «29» сәуір 

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері   

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты. 

2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды.

Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңінде алынған таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық.   

Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың сәуірі – 2019 жылдың наурызы) 11,5 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайызға жоғары болып отыр.

Атап өту керек, Ұлттық Банк ұсынатын зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы мен инвестициялық қызметке жасалынған шолу ай сайын enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет»-«Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/structure.php) және «Инвестициялық қызметке шолу»  (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/review.php) бөлімінде жарияланып отырады.

Қор клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 6,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте қызмет көрсетудің электрондық тәсілі басымдыққа ие – электрондық форматта (зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірмені есепке алғанда) 5,3 миллионнан астам (немесе 85,6%) операция жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте кәсіпорындар мен ұйымдарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам таныстырылым өткізіліп, оларға 211 мыңнан астам адам қатысты.

2017-2018 жылдар мен 2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде БЖЗҚ-ның таныстырылымдық шараларында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарымен 1 555 837 адам қамтылды. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 17,77 пайызын құрайды. (egov сайтының стат. дерегіне сәйкес 01.04.2019 ж. қарай елде жұмыспен қамтылғандардың саны – 8 756 300 адам).

БЖЗҚ 2018 жылы соңғы бірнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан, «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс жалғасын табуда. Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 101,3 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 5 704 адам жалпы сомасы 71 152 001 теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 сәуірі аралығында) Қор шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 732 895 адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 208 мыңнан астам жарна түсті.

2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында (БЖТ) 41 394 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 22,2 млн теңгеге 46 064 жарна аударылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «9» сәуір

БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебін өткізеді 

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».  

Мектептің мекенжайы:

Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы (Сарыарқа көш. бұрышы) «Іскер» бизнес-орталығы.

Оқыту курсын өткізу уақыты:

2019 жылдың 18 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін орыс тілінде,

2019 жылдың 19 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін қазақ тілінде.


Журналистика мектебі – бұл сертификаттаушы бағдарлама. Ол мерзімді басылымдар, радио, телеарналар және онлайн тәртібінде бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы журналистік материалдар дайындау үшін негізгі құралдармен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонымен қатар бұл өзара білім және тәжірибе алмасуға, БЖЗҚ мамандарынан тікелей ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей тұғырнама.  

 

Мектепті өткізудегі мақсат:

– Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің біліктілігін арттыру;

– талдамалы контент жасау үшін зейнетақы жүйесі бойынша құзырет пен кәсіби білімді тереңдету;

білім алуға, өзара тәжірибе алмасуға, сонымен қатар журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері және БЖЗҚ өкілдерінің  кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру. 

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет, «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмысы. 

БЖЗҚ басшылығы мен мамандары ашық ақпарат көздеріндегі ақпараттармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік кеңестер береді, күрделі қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерді түсінуге көмектеседі, Қор сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны жоспарлау және төлемдерді болжамдау бойынша ақыл-кеңес береді және зейнетақы жүйесінің дамуы жайында әңгімелейді. 

Оқыту курсының соңында қатысушылар алған білімдерін қорытындылау үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша Kahoot интерактивтік ойынына қатысады.  

Мектепке қатысу үшін журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері өтінімдерін 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін  press@enpf.kz электрондық поштасына жіберулері тиіс.

Қатысушы өтінімінде :

·        тегін, атын, әкесінің атын;

·        БАҚ, лауазымын, жұмыс түрін (блогер немесе студент);

·        курстың күнін;

·        байланыс телефонын (ұялы телефон, электрондық пошта) көрсетуі қажет.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «3» сәуір

 

БЖЗҚ зейнетақы активтері портфеліндегі Әзірбайжан Үкіметінің мемлекеттік

бағалы қағаздары сатып алу құнынан жоғары бағамен сатылды

 

          ҚР Ұлттық Банкі шоғырландыру тәуекелін азайту, сондай -  ақ қолайлы нарық жағдайын ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын жартылай сату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары атаулы құнының 87,75 пайызы көлемінде жалпы сомасы 4,47 млн АҚШ долларына (немесе 1,68 млрд теңге) сатылды. Бұл көрсеткіш осы бағалы қағаздардың сатып алу құнынан жоғары.

         Еске сала кетелік, аталған бағалы қағаздар зейнетақы активтерінің портфеліндегі 2014 жылы сатып алынған Әзірбайжан Халықаралық Банкінің облигацияларын ерікті қайта құрылымдау аясында Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбастау нәтижесінде алынған болатын. Айырбастау күніне қарай Әзірбайжан Халықаралық Банкі облигацияларының ағымдағы жиынтық бағасы 71,37 млрд теңгені, ал Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының құны есепке алыну күніне қарай 75,97 млрд теңгені құрады. Қайта құрылымдаудан түскен табыс түрінде айырбастау мәмілесінің арқасында қол жеткізілген оң көрсеткіш – 4,6 млрд теңге немесе 13,65 млн АҚШ доллары болды.

         Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының бағасы «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің есебіне алынған күніне қарай атаулы құнының 87,26 пайызын құрады.

         2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің портфелінде Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің АҚШ долларында номиналданған, ағымдағы жиынтық бағасы 83,48 млрд теңгені құрайтын 258 307 дана мемлекеттік бағалы қағазы бар болатын.

        Сатылым жүзеге асырылған соң, 2019 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы активтерінің портфелінде Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жиынтық бағасы 84,92 млрд теңге болатын 253 307 дана мемлекеттік бағалы қағазы қалды

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

2019 жылғы «19» наурыз 

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді

 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат беріліп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады; 

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.     

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.  

Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.          

Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады.

                   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы «6» наурыз


БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары бойынша шоттардың өсу серпіні оң сипатқа ие   

2019 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлік (95%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны – 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды.  

2019 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ базасында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны шамамен – 11,3 бірлікті құрады. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ саны шамамен – 2,9 мың бірлік болса, ЕЗЖ бойынша 1,1 мыңнан астам шот ашылды. Сонымен қатар 3,3 мыңға жуық шот жабылды.  

Жалпы 2019 жылдың қаңтар айында жеке зейнетақы шоттарының саны бойынша өсім 12 мыңнан астам бірлікті құрады және шоттар санының көбеюі одан әрі жалғасуда.  

2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ есепке алу бойынша 11,3 мың шот ашылған болса, олардың ішінде 9,4 мың шот алғашқы жарна түскен сәтте автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртібі 2019 жылдың 08 қаңтарында енгізілгендігін айта кеткен жөн. 

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған шоттардың арасында сәйкестендірілмеген, яғни иелерінің қарауынсыз қалған шоттар да бар. Олар кезінде «үнсіз келісім бойынша» ашылған, жұмыс берушілер тарапынан жарналарды аудару барысында салымшылардың деректемелері қате жазылған шоттар. Бұл мәселе жинақтаушы зейнетақы жүйесінің алғашқы жылдарынан бастау алады. Ол кезде егер жұмыскер қандай да бір жеке зейнетақы қорымен шарт жасаспаған болса, жұмыс беруші оның міндетті зейнетақы жарналарын автоматты түрде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиісті болды. Яғни, аталмыш Қор салымшымен қағаз жүзінде шарт жасаспай-ақ, яғни «үнсіз келісім бойынша» оның міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға міндеттенді. Бұл ретте жұмыс берушілердің есепшілері міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына аудару барысында салымшылардың жеке деректемелерін енгізуде (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) қателікке жиі жол беретін. Салымшы кейін дұрыс деректемелері бойынша басқа қормен жаңадан шарт жасасқан кезде бұрынғы мемлекеттік қордағы шоты сол күйі жабылмай қалып қойып жатты. Ал бұл шоттарға одан әрі күн сайын инвестициялық табыс есептеледі.  

Жеке қорлардағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанан кейін салымшылардың деректемелері қате жазылған шоттардың саны шамамен 820 мың бірлікті құрады.  

Қазіргі кезде Қор мамандары шоттарды өңдеу, иелерін анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Бұл ретте салымшылардың деректемелері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен салыстырылады. Биылғы жылдың қаңтар айында 5 мыңнан астам қате ашылған шоттар, яғни техникалық шоттар сәйкестендірілді. 

2019 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ дерекқорында шамамен осындай 211 мың техникалық шот қалды. 

Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғасуда және Қордың стратегиялық мақсаттарының бірі – үнсіз келісім бойынша ашылған шоттардың толығымен сәйкестендіру.            

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


2019 жылғы «5» наурыз

Инвестициялық табыс күн сайын есептеледі 

 

2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының  шоттарына 847,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2017 жылдың сәйкес  көрсеткішімен салыстырғанда 92,7 млрд теңгеге, яғни 12 пайызға жоғары. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Ол 2017 жылғы көрсеткішпен (550,5 млрд теңге) салыстырғанда 67 пайызға жоғары. Яғни, 2018 жылы 1 теңге жарнаға 1 теңге инвестициялық табыс есептелді. Бұл Қор құрылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.  

2018 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайыз болған. 

Жалпы зейнетақы активтерінің өсімі шамамен 21 пайыз болды. Айта кетелік, зейнетақы активтері жарналардан, төлемдерден және инвестициялық табыстан құралады.  

Зейнетақы жинақтарының нақты табыстылығы 2019 жылдың алғашқы айларында да инфляция деңгейінен 6,1 пайыздық тармаққа жоғары болып отыр: соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қаңтары аралығында) зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті.  

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары. Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшері мен шотқа тұрақты аударылуына тәуелді. 

        Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және осы шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады.  

Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады (10 000 теңге/ 748 теңге).  

2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады.   Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады. 

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе. 

            ШЗБ құнын Қордың www.enpf.kz сайтының басты бетінен күн сайын көруге болады. 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz 

 


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу

 

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8 млн теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты. 

Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.  

2019 жылдың екі айы ішінде зейнетақы төлемдері 43,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 62,8 млрд теңге төленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.      

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте электрондық тәсілмен қызмет көрсету басымдыққа ие – 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берілген үзінді көшірмелерді есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.

2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдімекендердің тұрғындарынан) 21 986 жарна келіп түсті. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетін зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы «28 » ақпан 

2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады 

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды  

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына,  оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы «28» ақпан 

Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті 

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.  

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бірақ міндетті емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әрі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті болып табылатын жұмыс беруші ғана төлейді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «28» ақпан 

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады 

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге   қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті. 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады..

       

      БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

1)   БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

2)   электрондық тәсіл, оның ішінде:

үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі. Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады; 

логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

–  электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-пароль арқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

3)   дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсілін 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы алу мүмкіндігіне ие. 

Бір жыл ішінде интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейді. Бұл тәсіл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады. 

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсілі ретінде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға жылына бір рет жіберіледі. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер хабар берілмесе, БЖЗҚ бұдан кейін зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жібермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзінді көшірме жіберілмейді.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жіберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан бері 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргізіп жатыр.     

Айта кетелік, үзінді көшірмені Қор кеңсесіне келіп алу тәсілін 1,8 млн астам адам таңдаған. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

               2019 жылғы «28» ақпан             

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу 

2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді. Осы кезең ішінде салымшылардың шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерінің өсімі 21 пайызға жетті. Бұл ретте зейнетақы активтері зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.    

         2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсімдерінің сомасы 70,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесінше бір жыл ішіндегі өсім 5,5 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл ретте түсімдердің басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ)  тиесілі – 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн міндетті зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгені құрады. 

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары.

12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 6,1 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына берілген зейнетақы активтері портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады.

Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының үлесі 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен біршама жоғары (01.02.2018 ж. – 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 5,0 пайызды құрады.

Зейнетақы активтерінің портфелінде ҚР екінші деңгейдегі банктері облигацияларының үлесі – 13,3%-ға пайызға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 15,82%) төмендеді. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемді табыстылық  жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.

Шет мемлекеттердің шетел валютасында номиналданған мемлекеттік құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесі 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. – 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсетті.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтірілген: зейнетақы активтерінің 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған.

Зейнетақы активтері портфелінің 72,7 пайызы – рейтингі «AAA»-дан «BBB» дейін болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы – рейтингі «BB+»-тен «B-»-қа дейін болатын қаржы құралдарына орналастырылған.      

БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,9 млн бірлік (95 пайыз), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бірлікті құрады. Олардың ішінде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртібі 2019 жылдың 08 қаңтарында енгізілген.      

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемінде қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша 58,7 мың өтініші қаралды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелі таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 65,3 мың адам қатысты.   

2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдері 31,53 млрд теңгені, оның ішінде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгені, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,65 млрд теңгені, ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер 2,66 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


2019 жылғы «19» ақпан 

Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті 

Алматы, Қазақстан – 2019 жылдың 15 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қордың 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы ұсынылып, 2018 жылы «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі қалай басқарылғандығы туралы мәлімет берілді және инвестициялаудың 2019 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттермен жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі баяндалып, Кеңес қызметінің ұйымдық мәселелері талқыланды. Еске саламыз, жеке қорлардың бұл проблемалық активтері 2013-2014 жылдары БЖЗҚ портфеліне шоғырландырылған болатын.

Отырыста жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылғаннан бері 20 жыл ішінде тұңғыш рет таза инвестициялық табыс сомасының кіріс ағындарынан асып түскені атап өтілді.

2018 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайыз болған. 2018 жылы салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Осы ретте кіріс ағындары 848,7 млрд теңге болды.

Бұл көрсеткіштерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүргізіп жатқан үйлесімді инвестициялық саясатының арқасында қол жеткізілді.

ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің Инвестициялық талдау және зейнетақы активтерінің тәуекел-менеджменті басқармасының бастығы Александр Пасюгин Кеңес мүшелеріне мына мәліметтерді ұсынды: 2016 жылдан бастап дербес және сыртқы сенімгерлікпен басқару аясында активтердің жіктелімі бойынша портфельді инвестициялаудың жаңа стратегиясы әзірленіп, іске қосылды. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17 пайыздан 32 пайызға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар ол 2019 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау нарық жағдайында жалғасатындығын жеткізді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін мынадай негізгі бағыттар бойынша инвестициялау жоспарланған: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын; зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру мақсатында шетелдік валюталарды; квазимемлекеттік сектор нысандары мен халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын; екінші деңгейдегі банктер мен қазақстандық корпоративтік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мәулен Өтеғұловтың мәлімдеуінше 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 20 проблемалық эмитент бойынша жалпы берешек сомасы атаулы құны бойынша 38,8 млрд теңгені құрады. Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 2014-2018 жылдар ішінде 17 577 млн теңгені құрады. Оның ішінде:

– 2014-2016 жылдар аралығында – 1 475,4 млн теңге;

– 2017 жылы – 1 248,5 млн теңге,

– 2018 жылы – 14 853 млн теңге.

Қор зейнетақы активтерін қайтару жұмыстарын белсенді түрде жалғастыратындығын және бұл мәселеде табандылық танытатындығын білдірді. 


2019 жылғы «19» ақпан «БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

1) БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

2) электрондық тәсіл, оның ішінде:

 

– үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі. Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады;

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

– электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-пароль арқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

3) дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

 

Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсілін 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы алу мүмкіндігіне ие.

Бір жыл ішінде интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейді. Бұл тәсіл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады.

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсілі ретінде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға жылына бір рет жіберіледі. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер хабар берілмесе, БЖЗҚ бұдан кейін зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жібермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзінді көшірме жіберілмейді.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жіберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан бері 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргізіп жатыр.

Айта кетелік, үзінді көшірмені Қор кеңсесіне келіп алу тәсілін 1,8 млн астам адам таңдаған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы 19 ақпан

«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды        

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.      

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.          

   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы 19 ақпан

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.   

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызмет  негізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды. Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді. 

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы. Жауап берушілердің 88,3 пайызының қызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.  

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4  пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.    

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды.  Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.   

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz сайтын жоғары бағалады. Ол сайттың интерфейсін, онда байланыс орталығының телефон нөмірі бар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі. 

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



2019 жылғы «6» ақпан Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары

 

Алматы, Қазақстан – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және басқа елдімекендерде 0,5 АЕК мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

2019 жылға дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

2018 жылғы «14» желтоқсан БЖЗҚ 2018 жылдың үздік жұмыс берушісін атады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының құрметті демалысқа шыққанда лайықты өмір сүруге арналған инвестиция екендігін тағы да еске салады. Зейнет жасында лайықты табыс алу үшін міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде ерікті жарналарды да уақытылы және толық көлемде Қорға аударып отыру қажет. Қазақстандықтар ерікті жарналарды өзінің немесе (жұмыс істемейтін, табысы аз) туған-туыстарының пайдасына аудара алады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер де жұмыскерлерін жұмысқа ынталандыру үшін олардың пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудара алады.

Қазақстанда өз қызметкерлерінің бүгіні мен болашағын ойлайтын компаниялар көп емес. Бірақ бар. БЖЗҚ мамандары отандық компаниялар тарапынан 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдың тамызы аралығында аударылған ерікті зейнетақы жарналарының көлеміне талдау жасады. Талдау қорытындысы бойынша ЕЗЖ төлеуші-жұмыс берушілердің тізімі жасалып, жарналардың санына қарай, «БЖЗҚ» АҚ таңдауы бойынша 2018 жылдың үздік жұмыс берушісі» байқауының жеңімпазы анықталды. Ол - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы.

Қор басшылығының айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ - HR -саясаты (кадрлық саясаты) нақты қалыптасқан қазақстандық компаниялардың бірі. Онда қызметкерлер құрамы, олардың біліктілігі, жұмысқа деген ынтасы үлкен маңызға ие. Қазақтелекомның өтіп бара жатқан жылдың ең үздік компаниясы атануы - қызметкерлерінің бүгіні мен болашағын қамсыздандыруға ерекше көңіл бөлетін, әлеуметтік-жауапты, адал ниетті, қызметкерлері үшін ашық компания екендігін білдіреді. Өз кезегінде Қор басшылығы қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, еңбек ұжымының зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұмтылатын компаниялар санының әлі де арта түсетіндігіне үміт артады.

Салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» атты тақырып аясындағы Дөңгелек үстел барысында өтті.

БЖЗҚ 2013 жылгы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салътшыга (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталыгы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2018 жылғы «13» желтоқсан

Дөңгелек үстел барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы және оның дамуының негізгі бағыттары талқыланды

Алматы, Қазақстан . Бүгін «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын -тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында Дөңгел үстел ұйымдастырылды.

Форум-кеңес түріндегі шара БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және салымшылар (алушылар) қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева өзінің кіріспе сөзінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жемісті жұмыс істеп жатқандығын және даму келешегі айқын екендігін атап өтті. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн астам жеке зейнетақы шоттары ашылған. Оларда 9,1 трлн теңге сомасында зейнетақы жинақтары шоғырландырылған. Жүйе іске қосылғаннан бері оған зейнетақы жарналары ретінде барлығы 6,6 трлн теңге аударылды. Ал төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған жинақтардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Жинақтардың үштен бірінен астамы салымшылар мен алушылардың шоттарына инвестициялық басқарушылардың күшімен инвестициялық табыс ретінде келіп түскен.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы болып табылады. Қордың миссиясы - қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету. БЖЗҚ-ның негізгі стратегиялық міндеті - зейнетақы қызметтерінің сапасы және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қордың қызметі ашықтық және айқындылық қағидасына негізделген.

Заманауи жинақтаушы зейнетақы жүйесі алдында ашықтық, инвестициялық табыстылық мәселелерімен қатар, Қазақстан үшін өзектілігі артып жатқан бірқатар сын-тегеуріндер бар.

Бұл халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша тарту, сонымен қатар жоғалтқан еңбек табысының орнын басу коэффициентін арттыру. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның сараптамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы төлемдерін алушылардың орташа ауыстыру коэффициенті 43 пайызды құрады. Мұнда базалық және ортақ зейнетақы ескерілді. Жинақтаушы құрамдауыш есебінен ауыстыру коэффициентін ұлғайтуға 2020 жылдан бастап енгізілетін шартты - жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары елеулі түрде ықпал ете алады.

Одан басқа, міндетті жарналарды ерікті зейнетақы жарналарымен еселендіруге болады. Бірақ, өкінішке қарай бұл жарналар елімізде әлі жеткілікті дамымаған. Халықты ерікті зейнетақы жоспарларына тартудың негізгі шарттары: жеңілдетілген салық салу, ерікті зейнетақы жинақтары бойынша тартымды жағдайлар жасау, жұмыс беруші немесе мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру, халықтың хабардарлығын арттыру.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның бұдан 20 жыл бұрын зейнетақы реформасын жүргізуі қоғам және экономика үшін маңызды қадам болғанын атап өтті. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды. Жүйенің табыстылығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігі белгілі. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халық табысының артуына септігін тигізеді.

БЖЗҚ 2013 жылгы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толыгырац www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

2018 жылғы «30» қараша

2018 жылдың 1 қарашасына қарай «БЖЗҚ» АҚ қызметінің маңызды

көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан - 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,5 трлн теңгеге артты. Бір жыл ішіндегі өсім - 19 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім - 1,3 трлн теңгені немесе 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасып, олардың сомасы 8,9 трлн теңгеге жетті.

2018 жылдың 1 қарашасына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,3 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,8 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 472,5 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 46 мың бірлік болды.

2018 жылдың 10 айы ішінде Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 715,6 млрд теңгеге жетті. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде таза инвестициялық табыс сомасы 457,7 млрд теңгені құрап, бір жыл ішіндегі өсім - 56 пайызды құраған еді.

2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 қазаны аралығында зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,9 пайыз болды. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 3,7 пайызды құрады. Яғни, осы кезеңдегі зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық - 5,2 пайыз. Жылдық тұрғыдан алып қарағанда Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 қарашасы мен 2018 жылдың 1 қарашасы аралығында 10,2 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша, табыстылық екі кезеңде де инфляция деңгейінен жоғары.

Салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылар арасында ақпарат беру - түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту және олармен тиімді байланыс орнату - Қор алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Соған сәйкес ағымдағы жылдың 10 айы ішінде кәсіпорындар мен ұйымдарда 20 мыңнан астам таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оларға 656 мыңнан астам адам қатысты. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде шамамен 14 мың таныстырылым өткізілген. Бір жыл ішіндегі өсім - 44 пайызды құрады.

Бүгінде Қор қызметтерін қашықтықтан алуға мүмкіндік беретін сервистер салымшылар мен алушылар арасында барған сайын танымал болуда. Қазіргі кезде электрондық форматта көрсетілетін операциялардың үлес салмағы 65 пайызға жетіп отыр.

Қор тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін барынша дамыту үстінде. Осылайша, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда ұйымдық тұрғыда көмек көрсетіліп жатыр. Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ, қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысандары бойынша құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Бұдан басқа, enpf.kz сайтында Басқарма төрайымының блогы арнасына кіріп, сұрақ қоюға болады. Сонымен қатар Қоғамдық қабылдау арнасы жұмыс істейді. Онда кез келген адамның қабылдауға тіркеліп, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша Қор басшылығы тарапынан жауаптар мен ақыл-кеңестер алуына мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ 2013 жылгы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі ¥лттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚміндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толыгырац www.enpf.kz сайтында).


«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

2018 жылғы «11» қазан

Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қ ордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр.

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.

Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.

Өтемақы мөлшері әрбір салымшы үшін дербес есептеледі. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейді. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғандығын білдіреді. Алайда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейді.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Биылғы жылдың қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде бірыңғай өтініш беру бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Енді зейнет жасына толған азаматтар «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақыны және зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптасқан төлемдерді алу үшін бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын төлеуге қатысты алдын алу қызметі де көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл ретте инфляция деңгейін ескере отырып, арнайы әзірленген әдістеме бойынша әрбір алушының зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

2018 жылғы «18 » қазан

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.

Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.

Өтемақы мөлшері әрбір салымшы үшін дербес есептеледі. З ейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейді. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғандығын білдіреді. Алайда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейді.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Биылғы жылдың қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде бірыңғай өтініш беру бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Енді зейнет жасына толған азаматтар «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақыны және зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптасқан төлемдерді алу үшін бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын төлеуге қатысты алдын алу қызметі де көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл ретте инфляция деңгейін ескере отырып, арнайы әзірленген әдістеме бойынша әрбір алушының зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «11» қазан

Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қ ордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр.

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «21 » қыркүйек

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.

Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Дария баққа жинаңыз

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне – 20 жыл. Осы кезең аралығында еліміз маңызды әлеуметтік-демографиялық, экономикалық өзгерістерді бастан кешіріп, талай жаңа белестерді бағындырды. Қазақстанның зейнетақы жүйесі де жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, уақыт талабына сай жаңарды. Еліміздің зейнетақы жүйесінің өткені, бүгіні мен болашағына бағдар жасау үшін біз Жамбыл облысы филиалының директоры Джармуханбетов Н.А. әңгімеге тарттық.

Кеңестік дәуірден қалған зейнетақы жүйесін жаңарту қажеттігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туындады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін ортақ зейнетақы жүйесі жаңа заман талабына сай келмейтіні түсінікті болды. Сондықтан Қазақстан өзіне қолайлы жүйе қалыптастыру үшін әлемдік тәжірибені зерттей бастады. Ең оңтайлы жүйе ретінде 80-жылдары әлем бойынша үздік деп танылған Чилидің үлгісі таңдалып алынды. Әлемдік банктің кеңесімен осы үлгі бойынша Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, ТМД-ның бірқатар елдерінің зейнетақы жүйесі реформаланды. Қазақстан осы жүйенің басты қағидатын негізге алды. Бұл жүйе бойынша салымшылар табысының белгілі бір пайызын жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына жинауға міндеттеліп, бұл жарна инвестициялық табыспен капитализацияланады. Қызу пікірталастардан кейін 1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды.

Осылайша Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқы болып жинақтаушы жүйеге негізделген аралас зейнетақы жүйесіне көшті. 1997 жылдың қыркүйегінде ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (МЖЗҚ). 1998 жылдың басынан бастап қазақстандықтар табысының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде жеке зейнетақы шоттарына аудара бастады. Осы жылдан бастап жеке зейнетақы қорлары да ашыла бастады. Әрбір азаматқа өзіне қолайлы зейнетақы қорын таңдау құқы берілді. Егер ол өз таңдауын жасай алмаса, жарнасы автоматты түрде мемлекеттік қорға аударылды.

2013 жылы МЗЖҚ-ның базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. БЖЗҚ-ға жеке қорлардың активтері берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық шығындар азайып, жеке қорлардың комиссияларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақылары азайды. Ең бастысы – мүдделес компаниялармен шығынды келісім-шарттар жасалуына тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға бей-берекет ауысуы да тоқтады. Мұның бәрі жүйенің тиімділігіне игі әсер еткені күмәнсіз. Дегенмен, БЖЗҚ құрылғаннан кейін де Қазақстанда ортақ бөліктен, міндетті жинақтаушы бөліктен және ерікті жинақтаулардан тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі сақталып қалды. Жиынтық зейнетақы да екі төлем көзінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дағы жинақтардан құралатын зейнетақы.

Уақыт талабына сай болу үшін зейнетақы жүйесі әрдайым жаңарып отырады. Қазақстанның зейнетақы жүйесінде алдағы онжылдықтарда қалыптасуы ықтимал түрлі сценарийлерді болжау үшін БЖЗҚ-да актуарлық зерттеулер жүргізіледі. Қор мамандары зейнетақы жинақтау жүйесінің қандай да бір бөлігі жақсы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеумен де айналысады. Мысалы, шартты-жинақтаушы компонент Швецияда жақсы дамыған. Сонымен бірге, ерікті зейнетақы бөлігін дамытуға Германия мен Малайзияда үлкен мән беріледі. Сингапур жинақтарды баламалы мақсаттарға пайдалану тәжірибесімен, ал Гонконгтың тәжірибесі зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясымен тартымды.

Алайда енгізілгелі отырған өзгерістермен бірге Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың диверсификациялық қағидатын сақтап қалады. Себебі бұл компоненттің артықшылығын екінші компоненттің кемшіліктерінің орнын толтыру үшін пайдалануға болады. 2040-жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар зейнетке шыға бастағанша ортақ компонент біртіндеп шартты-жинақтаушы компонентке ауыса бастайды.

Сонымен қатар Ұлттық банкте зейнетақы активтерін басқару бойынша бірқатар міндеттерді бәсекелестік ортаға – қазақстандық және шетелдік компанияларға беруге байланысты ұсыныстар дайындалды. Салымшыларға инвестициялық стратегия мен жеке басқарушы компанияны таңдау құқы беріледі деп жоспарлануда. Бірақ БЖЗҚ ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай операторы және әкімгері болып қала береді.

Құрылымдық өзгерістермен қатар сапалық өзгерістер де болады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына орай, БЖЗҚ интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қор қызметтерін барынша қолжетімді ету бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Қазірдің өзінде Қордың барлық қызметтері дерлік электрондық нұсқада қолжетімді. Осының арқасында біздің салымшылармен ара-қатынасымыз түбегейлі өзгеріп, оларға барынша жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік алдық.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «15» тамыз

2018 жылдың алғашқы 6 айы бойынша БЖЗҚ-ның қашықтықтан және көзбе-көз қызмет көрсету қорытындысы

БЖЗҚ 2018 жылдың 1 шілдесіне қарай салымшыға шот ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін алуға дейін оған электрондық форматта барлық негізгі қызметтерді көрсете алады. Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру бойынша компанияларға аудару және ерікті жарналар бойынша төлемдер алу секілді онлайн-сервистер әзірленіп жатыр. Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер, жерлеуге және мұрагерлерге берілетін төлемдер осы қызметтер бойынша құжаттар ұсынудың ерекшелігіне байланысты электрондық сервистер қатарына енгізілмеді.

Электрондық цифрлық қолтаңбаға ие бола отырып, Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, жеке деректемелерге өзгерістер енгізуге, интернет хабарландыруды таңдай отырып, ақпарат алу тәсілін өзгертуге, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдап, оның орындалу барысын қадағалауға болады.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың алғашқы жартысында жаңа «Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініштің көшірме-нұсқасын алу» электрондық қызметі, сондай-ақ «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдасына шарт жасасу» сервисі әзірленіп, іске қосылды.

Одан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2018 жылдың мамырында танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын іске қосты. Пайдаланушылар жаңа қызметтің көмегімен қысқа үзінді-көшірме алу немесе үзінді-көшірмені электрондық поштасына жіберу, Жеке кабинетке кіру паролін қайта қалпына келтіру, Қордың маңызды жаңалықтары және ағымдағы көрсеткіштерімен танысу, сондай-ақ, оның ең жақын бөлімшесін табу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар салышылар және алушылармен өзара байланысты нығайту және кеңейту мақсатында есепті кезеңде жаңа «WhatsApp» қызметін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол салымшылар мен алушыларға, олардың ішінде шетелде жүргендерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді. Жаңа арна шілде айында іске қосылды.

2018 жылдың алғашқы жартысында электрондық арналар арқылы 7,5 млн қызмет көрсетілді. Бұл есепті кезеңде көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 72 пайызын құрады. Бұл ретте Қор кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 2,9 млн операция орындалды.

Ал, Жамбыл облысы филиалы бойынша 2018 жылдың алғашқы жартысында электрондық арналар арқылы 2535 мың қызмет көрсетілді. Жамбыл облысы филиалы кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 145539 мың операция орындалды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторын қолдана отырып, салымшыларға болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақыл-кеңес беріп келеді. Үш ай ішінде (2018 жылдың 2 сәуірі мен 30 маусымы аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша келушілермен 118 517 кеңес өткізілді. Жамбыл облысы филиалы бойынша 8858 зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша келушілермен кеңес өткізілді.

2018 жылдың шілдесінде enpf.kz сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет – ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі іске қосылды. Оны пайдалану үшін салымшылар мен алушыларда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.

Қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейде екендігін халықаралық сарапшылар растап отыр. 2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

« БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «15» тамыз

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу

2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті.

Жамбыл облысы бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 282,2 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 22,5 млрд теңгеге немесе 8,6 пайызға өсті.

2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Ал ж ылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың з ейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 1 шілдесі аралығында 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды.

Жалпы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 5,6 миллионнан астам адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударды. Ал олардың 70 пайызы (шамамен 4,1 млн адам) зейнетақы жарналарын жылына кемінде алты рет аударады. Бұл ретте олардың төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 407,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы 5,9 миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 756,1 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары.

Қор экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жарналары бірнеше жыл бойы түспеген шоттарды белсенді ету мақсатында оларды өңдеу жұмыстарын қолға алды.

Салымшылардың дерекқорында 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген немесе тұрақты түсіп тұрмаған шоттар анықталды. 2018 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында 218,4 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Солардың 13 пайызы, яғни 29 мыңға жуық адам қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Ал 50,65 мың шотқа жарналар аударылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Жамбыл облысы бойынша 8457 астам салымшымен байланыс орнатылды.Солардың 2969 жуық салымшы өз зейнетақы шоттарына 64,6 млн теңге жарна аударды.

2018 жылдың алғашқы жартысында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 100,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,8 млрд теңге болды. болсақ, олар: сақтандыру аннуитеті шартын жасасу үшін лайықты болатын соманың өсуі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты мемлекеттік кепілдіктен айырылу, сақтандыру компанияларының ұсынатын шарттарының өзгеруі және басқа да себептер.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

« БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» шілде

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соң, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару Қағидаларымен[1] реттеледі. Осы Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды екінші деңгейдегі банктің мына деректемелеріне қолма-қол ақшамен енгізеді:

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТМК

«Төлем мақсатының коды» 010

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінде Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, олардың ішінде жалданып жұмыс істемейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесінің жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негізде аударып отыру - азаматтардың барлық санаты, оның ішінде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Өйткені 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысы мен бекітілген, м індетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы « 13 » шілде

Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

Алматы, Қазақстан «БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы « 12 » шілде

Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

Алматы, Қазақстан – Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп, «бір терезе» қағидатына сай қабылдау үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен еңбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінетіндігі белгілі. Енді композиттік қызметтер қолданысқа енгізілген соң, аталған тұлғалар «Бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және Қордан берілетін зейнетақы жинақтары алушының өтінішінде көрсетілген бір банк шотына бір мезгілде аударылып отырады. Аталған өзгерістер зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық міндеттер сол тұрақты күйінде қалады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аталған қызметтерді жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ композиттік қызметті енгізуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң барып күшіне енеді. Бұл актілерді ҚР Үкіметі бекітеді. Нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мемлекеттік бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер ұсыну тәртібі өзгеріссіз күйінде қалады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

19.10.2019 10:51