Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Инвестициялық преференция

"Инвестициялар туралы" Заңға сәйкес инвестор мыналарды ала алады:

  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жиынтықтарды және құрал-жабдықтарды әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босау;  
  • мемлекеттік заттай гранттар: жер учаскелері, ғимараттар, имараттар, машиналар және құрал-жабдықтар, есептеуіш техника, өлшеу және реттеу аспаптары және құрылғылары, жеңіл автокөліктен басқа көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық мүкаммал;
  • Инвестициялық стратегиялық жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге салық жеңілдіктері (жер салығы 0%, мүлік салығы 0%);
  • Әлеуметтік экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электр қуаты, жер телімін алу, ғимараттарды, құрылыстарды алу немесе салу). 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес инвестициялық преференциялар басым қызмет түрлерінде ұсынылады.

 

Преференциялар алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне өтінім беру және онымен келісім-шарт жасау қажет.

                                                   

Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне қосу үшін, инвестициялық жоба жоғары қосылған құнмен өнім шығаруға бағытталуы, басым қызмет түрлеріне сәйкес келуі, сонымен қатар келесі белгілердің біріне сай болуы қажет:
1)  Қазақстан Республикасының үкіметімен бекітілген инвестициялық жоба жоғары технологиялық өнімді шығару бойынша қызмет түрлерінің тізіміне кіретін өнімді шығаруға бағытталуы қажет;
2) инвестициялық жоба бойынша инвестицияның көлемі тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлы есептік көрсеткіштің бес миллионнан кем емес көрсеткішті құрау керек.

Салық кодексіне сәйкес инвестор төмендегілерді ала алады:

салық жеңілдіктері: преференция объектілерінің құны және (немесе) кейін жетілдіруге және қайта құруға кететін шығыстар үш жылға дейінгі мерзім ішінде кемітуге жатқызылуы мүмкін. Шығындарды тасымалдау мерзімі  10 жылды құрайды.

Салық жеңілдіктерін алу келісім-шарт жасауды қажет етпейді. 

 

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім және бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптар
(19.09.2012 ж. берілген өзгерістермен)
 (223,36kb)

Инвестициялық преференциялар беруге қатысты барлық мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне жүгінуге болады.

30.12.2018 22:40