Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

ҮИИДМБ

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) мыналарға бағытталған: 

- әртараптандыру және оның бәсекеге қабілетін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету; 

- экономиканың басым секторларын әлеуметтік тиімді дамытуды күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру; 

- индустрияландыру үшін қолайлы орта құру; 

- экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын қалыптастыру; 

-
экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. 

Бұдан өзге, Мемлекеттік бағдарлама экономиканы әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың қисынды жалғасы болып табылады және ол 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі әдістерін біріктірді. 

2015 жылға дейінгі кезеңде кейіннен қайта жасап және қайта өңдей отырып, қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес үшін жаңа бизнес мүмкіндіктердің мультипликациясы бар экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. 

Онымен қатар шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған экономика салаларын қалыптастыру мен күшейту жүзеге асырылатын болады. 

Мемлекет Қазақстанның орта және шағын бизнесінің озық технологиялар трансфертіне, олардың экспорттық бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы импорт алмастыратын өндірістерді құру үшін шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған бастамаларын қолдайды. 

Тұтастай алғанда экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторалдық деңгейдегі жүйелік шараларды, сондай-ақ экономиканың нақты секторлары мен жобаларын қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Мемлекеттік бағдарламаны ойдағыдай іске асыру экономиканы ұзақ мерзімдік кезеңде әртараптандыру және бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы оның орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. 

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі сапалық нәтижелері еңбек өнімділігін өсіру, ұлттық инновациялық жүйені дамыту және нығайту, шағын және орта бизнестің рөлін күшейту, экономиканы әртараптандыру, өндіруші күштерді ұтымды ұйымдастыру және адам капиталының сапасын арттыру болмақ. 

Экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторлары кейіннен қайта жасау өндірістерінің пайда болуы мен экономиканың шиеленісті секторларында ауқымды мультипликациялық әсерді қамтамасыз ету есебінен даму локомотивтері рөлін атқарады. 

30.12.2018 22:40