Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

ресми сайты

Get Adobe Flash player


Президент жолдауы


Жамбыл облысының әкімі


Сауалнама

  1. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?
  2. Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?







Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру





  Нұрлы жол - болашаққа бастар жол








    
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

  
 

INVESTORS GUIDE

    

  
 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БОС ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ

    

  
 

Облыстын көп тараған пайдалы қазбалар картасы

    

  
 

Облыстын қатты пайдалы кендер картасы

    

Даму институттарының тізімі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Ұлттық әл-ауқат қоры, экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту, өңірлердегі жұмысты белсендіру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту бойынша мәселелерді жылдам шеше отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша көмек көрсетуге арналған.
Қордың негізгі мақсаты, ұзақ мерзімді құндылығын көбейту және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабылеттілігін арттыру үшін, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзінің меншік құқығына тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
Қордың және компаниялардың қызметінің негізгі бағыты – ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жетілдіру және диверсификациялау.

Қор, әсіресе:

  • мұнай-газ секторы;
  • электр энергетикасы;
  • металлургия;
  • химия, мұнай химиясы;
  • инфрақұрылым

сияқты экономиканың басым секторларында, белсенді инвестициялық қызмет жолымен өз миссиясын жүзеге асырады.

Қордың еншілес кәсіпорындары:

  • «ҚазМұнайГаз» АҚ, веб-сайт www.kmg.kz
  • «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, веб-сайт www.railways.kz
  • «KEGOC» АҚ, веб-сайт www.kegoc.kz
  • «Қазақтелеком» АҚ, веб-сайт www.telecom.kz
  • «Қазпошта» АҚ, веб-сайт www.kazpost.kz
  • «Эйр Астана» АҚ, веб-сайт www.airastana.com
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, веб-сайт www.kdb.kz
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, веб-сайт www.damu.kz 
  • «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ, веб-сайт www.ke.kz
  • «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы, веб-сайт www.tks.kz
  • «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС, веб-сайт www.ucc.com.kz
  • және басқалары. 

www.sk.kz 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ    
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – инвестициялық жобаларды және лизингтік мәмілелерді орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым секторларында экспорттық операцияларды саудалық қаржыландыруды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық даму институты.
Банктің қаржыландыруы көмегімен 01.01.2011 ж. жағдай бойынша жалпы құны $3,3 млрд. жоғары және $1,6 млрд. мөлшерінде Банктің қатысуымен 62 жаңа және жетілдірілген кәсіпорын мен инфрақұрылым объектілері пайдалануға енгізілді.

Миссия

  • өндіруші  өнеркәсіптен басқа, өнеркәсіптің түрлі салаларына ұзақ мерзімді қаржы және өзге де қаржылық қызмет беру арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне және дамуына ықпал ету;
  • өнеркәсірке инвестициялар тарту саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру;
  • Қазақстанның экономикасына шетелдік және ішкі инвестицияларға ықпал ету;
  • өнеркәсіп инфрақұрылымын және шикізатты қайта өңдеумен айналысатын (мұнай және газды барлаумен және өндірумен байланысты емес) өңдеуші өнеркәсіп салаларын ынталандыру және дамыту.

 ҚДБ міндеттері 

  • экономикаға тікелей инвестициялар тарту;
  • экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру.

Құралдар 

  • инвестициялық жобаларға арналған қарыздар (несиелер): 5 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома $5 млн.;
  • қаржылық лизинг: 3 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома $1 млн.;
  • экспорттық мәмілелерге арналған қарыздар (несиелер): 1 жылдан 3 жылға дейін, ең аз сома $1 млн.;
  • жобалық қаржыландыру;
  • кепілдіктер шығару;
  • мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.
  • капиталға қатысу;
  • мезониндік қаржыландыру;
  • банкаралық несиелеу;
  • айналымдық капиталды қаржыландыру. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы,
Орынбор көшесі, 10 («Қазына Тауэр» ғимараты)
Тел.: +7 (7172) 79 26 79
Факс: +7 (7172) 79 26 38
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы,
"Нұрлы Тау" бизнес орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 19, 1Б-блогы, 204-офис.
Тел.: +7(7273) 110 470
Факс: +7 (7273) 110 470

www.kdb.kz 

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ  
Қордың мақсаты
– перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабылетті өндірістерді құру бойынша жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға көмек көрсету.
Қаржы салатын компанияның акционерлік капиталына тікелей қатысу мақсатты іске асыруға арналған негізгі құрал болып табылады.

Қордың міндеттері:
1. Шикізатты және материалдарды тереңдетілген қайта өңдеуден өткізетін, жаңа технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабылетті өнімді шығаратын, сондай-ақ өнеркәсіпте өз қызметін жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін, жаңадан құрылатын, сондай-ақ қолданыстағы ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция құюды жүзеге асыру;
2. Қордың инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыруы (ұйымның жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобалармен басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру;
3. Толықтыратын, шектес өндірістерді дамытып жатқан отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жатқан инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру көмегімен шетелде қазақстандық ұйымдардың белсенділігін арттыруға ықпал ету.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
050010, Алматы қаласы, Қазақстан
Зенков көшесі, 80
Тел.: +7 (727) 2598 131, 2588 333
Факс: +7 (727) 2583 799
e-mail: ifk@ifk.kz

www.ifk.kz  

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ   
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады.
Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған. 

Агенттік қызметтің негізгі бағыттары:

  • инновациялық үрдістерінің ақпараттық-аналитикалық қолдауы;
  • коммерциализация жүйесін дамыту;
  • инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту;
  • инновациялық қолдауының сервистык құралдарын басқару;
  • инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау;
  • инновациялық қызметін көпшілікке тарату.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы,
Сығанақ көшесі, 29, «Еуроорталық» бизнес орталығы, 9-қабат
Тел.: +7 (7172) 516 982
Факс: +7 (7172) 517 021
E-mail: info@natd.gov.kz   

www.natd.gov.kz 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
«Даму» Қорының миссиясы – Қазақстанның шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ықпал ету.
«Даму» Қорының негізгі стратегиялық мақсаттары:
1)  Даму әлеуетіне ие барлық шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің санын және жұмыс орындарының санын арттыруға ықпал ету;
2)  Экономиканың шикізаттық емес секторларында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
3)  Шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсібилігін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» Қорының негізгі құралдары – екінші деңгейлі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық ставкаларды субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микрокредиттік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім беру, консалтинг, ақпараттық-сараптамалық қолдау).
«Даму» қоры елдің кәсіпкерлігін дамытудың негізгі мемлекеттік институты болып табылады және Қазақстанның барлық 14 облысында және Астана және Алматы қалаларында өңірлік филиалдары бар.

Мекен-жайы:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 
050004, Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244-55-66
Факс: +7 (727) 244-83-41
E-mail: info@fund.kz

www.damu.kz 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ
Қазына Капитал Менеджмент, қазақстандық компаниялар үшін қаржыландыру көзі болып табылатын, тікелей инвестициялар қорларын қалыптастыру үшін Қазақстанның экономикасына шетелдік капиталды тарту мақсатында құрылды. ҚКМ тікелей инвестициялар нарығының дамуына және Қазақстанда активтерді басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізуге ықпал етеді. 

Мақсаттар:

  • Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларында жеке меншік отандық және шетелдік капиталдардың инвестициялық белсенділігін арттыру және бәсекеге қабылетті өндірістер құру;
  • Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын, кәсіби басқарушы компаниялардың индустриясын институционалдық дамыту;
  • жеке бизнестің мүдделерін есепке ала отырып мемлекеттік саясаттың міндеттерін шешу үшін жүйе түзуші және инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту.

Міндеттер:

  • отандық және шетелдік инвестициялық қорлардың және жобалық компаниялардың акционерлік капиталында қатысу арқылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
  • Қазақстанға ірі институционалдық инвесторларды тарту, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларын бірлесіп қаржыландыру үшін отандық инвесторларды ынталандыру;
  • стратегиялық серіктестер ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі және тұрақты табыстылық көрсеткіштері бар жетекші халықаралық ұйымдар мен басқарушы компанияларды тарту;
  • мемлекетаралық инвестициялық қорлардың және жобалық компаниялардың капиталына қатысу механизмі арқылы қазақстандық экономика мүдделерінің көзқарасы тұрғысынан жағымды шетелдік активтерді іріктеу. 

Қазіргі уақытта «Қазына Капитал Менеджмент» тікелей инвестициялардың 9 қорының акционері болып табылады: Aureos Central Asia Fund, Falah Growth Fund, Kazakhstan Growth Fund, Macquarie Renaissance Infrastructure Fund,CITIC Kazyna Investment Fund, ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund, Kazakhstan Hong Kong Development Fund, Wolfenson Capital Partners, Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры. 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ
050020 Алматы қаласы, Достық даңғылы, 291/3а, 2-қабат.
Тел:    +7 (727) 334 1417
Факс: +7 (727) 334 1418
E-mail: info@kcm-kazyna.kz

www.kcm-kazyna.kz 

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ
«
ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігінің мәртебесі бар және келесі бағыттар бойынша экономиканың шикізаттық емес секторы кәсіпорындарының экспорттық операцияларын қаржылық-сақтандыру қолдауды жүзеге асырады:

  • Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын сақтандыру;
  • Шетелге тікелей инвестицияларды сақтандыру;
  • Банктік өнімдерді (құжаттық аккредитивтерді және кепілдіктерді) сақтандыру;
  • Шартты салымдарды орналастыру жолымен экспорттық саудалық қаржыландыру;
  • Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету.

Отандық сақтандыру нарығының сыйымдылығын және қазақстандық құрам үлестерін арттыру мақсатында, ҚазЭкспортГарант «жалпы сақтандыру» саласында қайта сақтандыру қызметтерін де жүзеге асырады.

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ 
Алматы қаласы, Зенков көшесі, 80 (2-қабат)
тел. +7 (727) 250 00 21
E-mail: info@keg.kz                                                                                                                                            

 www.keg.kz

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ  

Миссия:
Ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету жолымен елдің индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ету; Қазақстанның өнеркәсіп саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар жасау. 

Негізгі міндеттер:

  •  индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жетілдіру және диверсификациялау, өнеркәсіптің өңдеуші секторларының бәсекеге қабылеттілігін арттыру және инновацияларды енгізу саласындағы зерттеулер; 
  •  өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелерді зерттеу;
  • өнеркәсіп салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияларды дамытудың экономикалық факторларын зерттеу, өнеркәсіптегі қайта құрылымдауды және салааралық кооперацияны ынталандыру және қолдау шараларын әзірлеу;
  • өнеркәсіпті дамытудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау және мониторингілеу бойынша әдістемелер және практикалық нұсқаулар жасау;
  • Қазақстанның өнеркәсіп салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйеге шоғырландыру, өнеркәсіптік өндіріс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • өндірістерді оңтайлы орналастыру, кластерлерді дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • өнеркәсіп салаларын дамытудың негізгі мақсаттарын болжау. 

Негізгі өнімдер:

  • сараптамалық есептер, ақпараттық-сараптамалық материалдар, болжамдар және шолулар;
  • бағдарламалық құжаттарды, инвестициялық жобаларды сараптамалық бағалау;
  • сараптамалық қорытындылар және сараптамалар;
  • әдістемелер, практикалық нұсқаулар және өзге де нормативтік құжаттар;
  • экономикалық-математикалық модельдер (үлгілер), дерекқорлар, салалар және өңірлер бойынша өнеркәсіпті дамыту мониторингі;
  • дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізуді ұйымдастыру.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25
тел.: (7172) 79-64-60
E-mail: kiri_pressa@mail.ru 

www.kidi.kz

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

Холдингтің миссиясы
Холдингтің құрылымдарын бірлесіп тиімді басқару және нәтижелілік, транспаренттілік принциптерінде АӨК индустриялық дамуын ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іке асыру холдингтің миссиясы болып табылады.

Қызметтің стратегиялық бағыттары
1. АӨК еңбек өнімділігінің өсуін индустриялау және диверсификациялау арқылы ынталандыру.
2. Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу көмегімен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
3. АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға ықпал ету.
4.  Бірлесіп басқарудың және холдинг қызметінің мөлдірлігінің сапасын арттыру.

 Холдингтің инвестициялық-кредиттік қызметі:

  • Көктемгі-далалық және астық жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру
  • Ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, құрал-жабдықты сатып алуға несие беру
  • Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға несие беру
  • Айналым құралдарын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға несие беру
  • Объектілер құрылысына, қайта құруға және жөндеуге несие беру
  • Желі құруға және қолданыстағы сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай қожалықтарын, көкөніс сақтау қоймаларын дамытуға несие беру
  • Тамшылай суғаруды қолдана отырып, жеміс-көкөніс, техникалық және майлы дақылдардың өндірісін дамытуға несие беру
  • Ауыл шаруашылығы техникасын жинау бойынша өндіріс құруға несие беру
  • Жемшөп өндірісін дамытуға несие беру
  • Асыл тұқымды шаруашылықтар желісін құруға, ІҚМ жемдеу алаңдарының желісін құруға несие беру
  • Ет өңдеу кешендерін құруға несие беру Мал сою пункттерінің желісін құруға несие беру
  • Жұмсақ түбітті өндіруді және өңдеуді дамытуға несие беру
  • Астықты тереңдетіп қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыруға несие беру
  • Астық қоймаларын салуға және жетілдіруге несие беру
  • Шағын жылыжайларды сатып алуға, салуға және пайдалануға несие беру
  • Ауылдық несиелік серіктестіктеріне несие беру
  • Ауылдық тұтынушылық кооперативтерге несие беру

Еншілес компаниялар:

  • «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, веб-сайт www.agrocredit.kz
  • «ҚазАгроФинанс» АҚ, веб-сайт www.kaf.kz
  • «ҚазАгроГарант» АҚ, веб-сайт www.kazagrogarant.kz
  • «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ, веб-сайт www.fcc.kz
  • «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, веб-сайт www.kam.kz
  • «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, веб-сайт www.fad.kz
  • «ҚазАгроӨнім» АҚ, веб-сайт www.kazagroonim.kz

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика даңғылы, 24
Тел.:  +7 (7172) 70 56 20
Факс: +7 (7172) 70 56 89

www.kazagro.kz

30.12.2018 22:40