Вернуться к обычному виду
Закрыть
Авторизация
Логин:
Пароль:

Забыли пароль?
Регистрация
Войти на сайт | Регистрация

Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области

официальный сайт

Get Adobe Flash player

Государственные символы

      

   

  
 

Послание Президента


Аким Жамбылской области


Блог руководителя


Опросник

  1. Знакомы ли Вы с содержанием программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»?
  2. Поддерживаете ли Вы предложенный Главой государства курс духовной модернизации казахстанского общества и каждого Казахстанаца?








Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания





  «Нурлы жол» - путь в будущее









 

ПУТЕВОДИТЕЛЬ ИНВЕСТОРА

    


 

КАТАЛОГ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

    


 

ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ ТРЕБУЮЩИЕ ФИНАНСИРОВАНИЯ

    


      

  
 

КАРТА СВОБОДНЫХ ЗЕМЕЛЬ ГОРОДА ТАРАЗ

    

  
 

Карта общераспространенных полезных ископаемых области

    

  
 

Карта твердых полезных ископаемых области

    

«Туристский информационный центр «Тараз – Туризм»

                                                                 Жамбыл облысы әкімдігінің

                                                                              2016 жылғы «29» қыркүйектегі

                                                                           № 285 қаулысына қосымша

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз – Туризм» туристік акпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Жарғысы

 

 

                            1. Жалпы ережелер

 

1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз – Туризм» туристік акпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Орталық) облыстың туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді туристік нарықта ұсыну және ғылыми-зерттеу  функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Орталық облыс әкімдігінің 2016 жылғы «29» қыркүйектегі № 285     қаулысымен құрылды.

4. Орталықтың құрылтайшысы Жамбыл облысының әкімдігі болып табылады.

5. Орталықтың уәкілетті органы «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

Орталықтың мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) болып табылады.

6. Орталықтың атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Орталықтың орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Cүлейменов көшесі, 18 «б».

 

 

                            2. Орталықтың заңдық мәртебесі

 

8. Орталық мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құкықтарына ие болады.

9. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі болады.

10. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет каражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

 

              3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

 

13. Орталық қызметінің мәні Жамбыл облысында туристік саланы дамыту бойынша бірыңғай мемекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

14. Орталық қызметінің мақсаты:

1) туристік қызметке көмектесу және оның дамуына жағымды ықпал жасау, туристік қызметтің басымды бағыттарын айқындап, оларға қолдау көрсету;

2) Қазақстанның туристік мүмкіндігі жайлы ақпарат тарату және қалыптастыру;

3) Қазақстанның туристік өнімін халықаралық туристік нарығында және мемлекет ішінде жылжыту;

4) Жамбыл облысы аумағында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

15. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) облыстағы туризмнің дамуына бағытталған оқиғалы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

2) жарнамалық-имидждік қызмет, аймақтың туристік әлеуетін қамтитын жарнамалық-ақпараттық өнімді дайындау және тарату, жарнамалық роликтер мен видеофильмдерді шығару және көрсету;

3) облыстың туристік мүмкіндіктерін ұсыну үшін республикалық және халықаралық туристік жәрмеңкелерге, биржаларға, слеттер мен көрмелерге қатысу;

4) тақырыптық оқу семинарлары мен тренингтер өткізу, сонымен қатар туризм саласында мамандар, гидтер, экскурсия жетекшілері мен туризм нұсқаушыларын даярлау және біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру;

5) туризм саласына инвестиция тарту үшін жағдай жасау;

 

6) туризм саласындағы субьектілерге туризм мәселелері бойынша методикалық, консультативтік көмек көрсету;

7) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру;

8) уақытша болатын елге (орынға) кіру, сонымен қатар уақытша болатын елден (орыннан) шығу ережелері туралы толық және қажетті ақпаратты, жергілікті халықтың салт-дәстүрі, діні, әулие орындары, табиғи ескерткіштері, тарихы, мәдениеті және басқада туристік обьектілері туралы, аса маңызды мемлекет қарауындағы орындар, қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпаратты беру;

9) шетел туристеріне құқықтық және басқада мәселелер бойынша көмектесу;

10) туроператорлар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық турлар ұйымдастыру және өткізу;

11) әуежайда, теміржол және автовокзалдар ғимараттарында, және басқада жерлерде ақпараттық пунктерін ұйымдастыру (бағана, стеллаж) және ондағы ақпаратты  үнемі жаңартып отыру;

12) барлық қажетті ақпаратпен камтамасыз етілген веб-сайтты ашу және оның жұмысын жандандыру;

13) теледидарда, бұкаралық ақпарат кұралдарында, билбордтарда жарнамалау және т.б.

Орталыққа жарғыда (ережеде) бекітілген өз кызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін кызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16. Орталық кызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарыңда немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті аткарушы органының) немесе мемлекетік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып,  тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

 

 

                   4.        Орталықты басқару

 

18. Орталықты жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған уәкілетті орган жүзеге асырады.

19. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады.

1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;

2) Орталық жарғысын (ереже) бекітеді, оған өзгерістер мен  толықтырулар енгізеді;

3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық кызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып коюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

4) Орталықтың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша орталықты кайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

6) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

7) Орталықтың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

8) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

9) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

10) Орталықтың құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

11) Орталық басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

12) Орталық басшысының ұсынысы бойынша жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Орталық басшысы Қазақстан Республикасы  заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және кызметтен босатылады.

21. Орталық басшысы Орталық жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

22. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық кызметінің барлык мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында (ережеде) айқындалатын  өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23. Орталықтың қызметті жүзеге асыру барысында Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқада ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Орталық қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының және Орталықтың басқада басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

 

              5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

 

24. Орталық мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:

1) меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

25. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен, не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.

28. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

 

        6. Орталықтың жұмыс тәртібі

 

30. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің кағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

       7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу тәртібі

 

31. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

 

8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

33. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата изменения: 12.04.2018 19:52